Аса ауылдық округінің әкімі Б.Қалшымбетов Жамбыл АПБ ЮПТ қызметкері Н.Жумкина, спорт нұсқаушы Е.Кушенов және жастар ісі жөніндегі маман Ж.Састаймен бірлесе ауылдық округтегі жастармен еркін форматта кездесу өтті.
Кездесуде жастардың бос уақытын тиімді пайдалану (спортпен шұғылдану), олардың қауіпсіздігі мен жастар арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аса ауылдық округінде 40 пәтерлі 20 тұрғын үй салынып жатыр. Баспаналар арнайы санат бойынша үй кезегінде тұрған тұрғындарға беріледі.
Әр үйдің жер учаскесі 7 соттықты құрайды. Тұрғын үйлерге инфрақұрылым толықтай тартылып, газ, су, жарықпен қамтамасыз етілген. Көшелер де жарықтандырылған, тек жолдар қиыршық тас төсенішпен тұр. Мамандар келесі жылы мұндағы көше толық асфальтталады деп отыр.
1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай «Амангелді ГӨЗ» ЖШС-нің, “Жастар ресурстық орталығының” және Аса ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ауылдық округтегі ардагер қариялар мен жалғыз ілікті қарттарға әлеуметтік азық-түлік сый қалталары табысталды.
1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай Аса ауылында орналасқан аудандық «Ардагерлер үйінде» ауылдық округтегі ардагер қариялар арасында бильярдтан жарыс өтті.
Жеңімпаздарға грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді.
Аса ауылы, С.Сейфуллин көшесіне жаңа балалар ойын алаңшасы орнатылып, ел игілігіне пайдалануға берілді.
Жамбыл ауданы әкімінің 2024 жылдың 28 тамыздағы №642 “Күзгі 2 айлық санитарлық-тазалық” қаулысына сәйкес, “Қараөзек” каналының арнасы және оған тиісті жол асты көпірі кіре берсі тазаланды.
Канал арнасы балшықтан, жабайы қамыс, арам-шөптер мен күл-қоқыстан тазартылды.
Бүгін аудан жастары Аса ауылында орналасқан «Ардагерлер аллеясына» тазалық жұмыстарын жүргізді.
Жастар мен еріктілер алдағы уақытта да «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысып, өз қаласының тазалығына үлес қосатындықтарын жеткізді. Аталған іс-шараға Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы мамандары да атсалысты.
Ауыл тазалығы өз қолымызда!
Бүгін Аса ауылында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен республикалық көлемде жүзеге асырылып жатқан “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына Аса ауылдық округі әкімі аппараты ұжымы, жастар мен қоғамдық жұмысшылар белсене қатысып, автомобиль жолдарын күл-қоқыстардан тазартып, гүлзарларға абаттандыру жұмыстарын жүргізді.