Меню

Страницы

Статья

Жол

Елді мекенде жалпы ұзындығы 47,9 шақырымды құрайтын 57 көшенің 56 көшесі бұрылыстарымен бірге толық асфальтталған, оның 25 көшесі «Ауыл - ел бесігі» жобасы шеңберінде іске асырылды. Асфальт төселмеген бір ғана бұрылыс, жаңадан салынған үйлер толық қоныстанбауына байланысты Аса ауылындағы Қойгелді көшесінің бұрылысы шағалды төсемді болып отыр. Дегенмен 2023 жылы ауыл тұрғындарының сұранысына сәйкес, жаңадан ашылған Қаратау көшесі мен Гагарин көшесінің бұрылысын, Төле би көшесінің басын, Ш.Қалдаяқов көшесіндегі шағын футбол алаңының жанындағы бұрылыс, Шұғыла-радуга редакциясының алдымен қоса Абай көшесінің бұрылысы асфальтталды (Бөлінген сома 14 млн 338,0 мың теңге). Бұдан өзге (3 млн 100 мың теңгеге) Аса ауылындағы Б.Қилыбаев, Төле би, Бәйтерек алқабына кіре беріс жол, Бірлік, М.Әуезов, Ы.Алтынсарин көшелеріне ішінара шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 1 млн 739 мың теңгеге Аса ауылындағы М.Мәметова көшесіне жер асты жылыту желілерін қайта қазуына байланысты ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Дата публикации
16 февраля 2024
Дата обновления
16 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

16 февраля 2024
Кәсіпкерлік
16 февраля 2024
Білім
16 февраля 2024
Бюджет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы