
Округтегі жарықтандырылмаған көшелерді жарықтандыруға аудандық бюджеттен 10 млн 397 мың теңге бөлініп, аталған сомаға Аса ауылындағы С.Сейфуллин, Ш.Уалиханов, Д.Қонаев, Төле би көшесінің аяғы, Ақжар көшесі және Ы.Алтынсарин көшесінің 1-бұрылысы, Бірлік көшесі арқылы Ы.Алтынсарин көшесіне өтпелі жол жарықтандырылды. Осылайша Аса ауылындағы жарықтандырылған көшелердің саны 57 көшенің ішінен 41 көше немесе 71,9 пайызға жетіп отыр. Дегенмен әлі де болса қалған көше тұрғындарынан үнемі өтініштер түсуде. Тұрғындардың сұранысына байланысты жарықтандыруға жататын көшелерге жобалық сметалық құжаттары дайындалған, аудандық бюджетке өтінім берілген.
Қаражат бөлінген жағдайда жарықтандырылатын көшелер:
1) Абай көшесінің 1,2,3 бұрылыстарына көше жарықтандыру желісін тарту. Жобалық сметалық құжаты бойынша 3 194,00 мың теңге.
2) Абай көшесінің 5 бұрылысы көше жарықтандыру желісін тарту. Жобалық сметалық құжаты бойынша 2 101,00 мың теңге.
3) Рахат ауылындағы барлық көшелерге жарықтандыру желісін тарту. Жобалық сметалық құжаты бойынша 11 385,00 мың теңге.
Бүгінгі таңда Аса ауылдық округінде жалпы көше жарықтандыру желілерінің жалпы ұзындығы 39,84 километрді құрап отыр, округ әкімшілігінің теңгерімінде 23 дана трансформатор пайдаланылуда. Трансформаторлардың барлығы көше жарықтандыру жүйелерімен қатар кейбір көшелердің тұрғындарында да электр қуатымен қамтамасыз етуде.