
Аса ауылдық округі әкімі аппаратының 2024 жылға арналған шығыстарының бюджеті 315 164,0 мың теңгені құрайды, оның 49 375 мың теңгесі округтің өзіндік кірістері, қалған 265 789,0 мың теңгесі жоғары тұрған бюджеттердің есебінен жүргізіледі. Аталған қаржылардың 25 000,0 мың теңгесі көше жарығының коммуналдық төлеміне, 35 000,0 мың теңгесі ауыз су мұнараларының коммуналдық төлеміне жоспарланған. Одан өзге Аса ауылы Абай көшесіне дренаж лотоктар орнатуға - 12 004,0 мың теңге, Аудандық полиция бөлімінің ғимаратын ағымды жөндеуге - 54 402,0 мың теңге, Аса ауылы Қайнар көшесіндегі тозығы жеткен 2 дана трансформаторды алмастыруға - 6 000,0 мың теңге, "Аса-Тараз-Қаратау" бағытындағы жолдардың қиылысын жарықтандыруға - 11 491,0 мың теңге, Аса ауылындағы С.Сейфуллин көшесіне балалар ойын алаңын орнатуға - 15 069,0 мың теңге, Аса ауылындағы Ш.Қалдаяқов көшесіне балалар ойын алаңын орнатуға - 22 857,0 мың теңге, Аса ауылындағы М.Әуезов көшесіндегі балалар ойын алаңшасын абаттандыруға - 23 105,0 мың теңге, Аса, Рахат, Құмтиын ауылдарының ауыз су мұнараларындағы бактерецидтік залалсыздандырғыш қондырғысын ауыстыруға - 10 526,0 мың теңге жоспарланған.