
Округке қарасты 2 елді мекен толығымен ауызсумен және Аса ауылы мен Рахат ауылы табиғи газбен қамтылған. Аса ауылы бойынша газбен қамтылған абонеттер саны 2 012, Рахат ауылы бойынша 53 абонент. Тариф мөлшері – 30,56 тг. Ауызсумен қамтылып отырған абонент саны Аса ауылы – 2 160, Рахат ауылы – 87 аула. Тариф мөлшері – 41,91 тг. Элетр жарығына қосылған абонент саны Аса ауылы – 2 103, Рахат ауылы – 99 абонент. Тариф мөлшері – 18,07 тг. Рахат ауылына 2022 жылдың 8 желтоқсанда табиғи газ берілді. Қазіргі таңда 84 ауладан 53 аула табиғи газға қосылды ал, қалған 31 аулалар қаржы мүмкіндігіне қарай, кезең кезеңімен газға қосылатын болады.