
Аса ауылдық округте үш орта, бір бастауыш мектеп бар. (№1 орта мектеп - 1500 орын, Ю.Гагарин мектеп-лийеі – 600 орын, Б.Момышұлы мектеп-гимназиясы - 350 орын және Рахат бастауыш мектебі - 40 орын). Бұдан бөлек М.Төлебаев атындағы өнер мектебі, Техникалық шығармашылығы және кәсіби бағдар беру орталығы, Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, Аса спорт мектебі, 140 орындық «Сәуле», 280 орындық «Балдырған» және жекеменшік 75 орындық «Ертегі», 200 орындық «Айдана» балабақшалары білім мен мектепке дейінгі тәрбие беруде. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ескі кинотеатр ғимараты М.Төлебаев атындағы саз мектебі (136,4 млн. – 1462 бала, үйірменің 11 түрінен), Б.Момышұлы орта мектебінің жанындағы ескі жатахана ғимараты, кәсіптік техникалық қосымша білім беру орталығы болып қайта жаңғыртылды (293,4 млн. - 700 бала, 6 бағыт). Рахат ауылына жаңа 80 орындык мектеп құрылысы 2025-2026 жылдарга жоспарланған.