
2023 жылы 2816 га. егін егіліп, 30 914 тонна өнім жиналды. (оның ішінде: бидай –100 га, 180 тонна; арпа –520 га, 1320 тонна; дәндік жүгері – 70 га, 401 тонна; көкөніс – 401 га, 19100 тонна, қызылша – 95 га, 3200 тонна, бақша – 80 га, 2593 тонна; мал азығы – 1303 га, 82236 тонна). Округте 2024 жылдың өніміне арналып 100 га. күздік бидай егілсе, 16 шаруақожалық көктемгі дала жұмыстарына арнап 1445 гектар сүдігер көтерді. Соңғы жылдардағы су тапшылығын көрген шаруа қожалықтар, тамшылатып суғару технологиясына көшуде, өткен жылы тамшылатып суару технологиясымен 505 га жерге егін егілді. Оның ішінде: 420 га көкөніс дақылдары, 80 га қызылша, 5 га бақша тамшылатып суғару әдісімен егілді. Елді мекенде ірі қара мал басы – 2 910, қой-ешкі – 13 972, жылқы – 1629, үй құстары 2 878 бас.