Жамбыл облысының кадрлық комиссиясы Жамбыл облысының өңірлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.
Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:
Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) индустрия және өнеркәсіп;
2) экономика және қаржы;
3) әлеуметтік сала;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;
6) цифрландыру;
7) экология.
Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.
Құжаттар jambyl@onir.pkrezerv.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы 8 «А».
Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы
31 наурыздан кешіктірмей жүктейді.
Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформадан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшасында jambyl.onir.rezerv.kz (instagram) және келесі телефондар арқылы: 8(7262) 43-88-21, 43-88-26 алуға болады.
2024 жылдың 14 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Ақбұлым ауылының акт залында «Ауғанның отты жалыны» атты Ауған соғысының ардагері Бөрібаев Доғдырхан Сәбенұлымен кездесу кеші өткізілді. Кеш ең алдымен ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым ету бір минут үнсіздік және ҚР Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Кездесу кеші ауылымыздың ақсақалдары, ақ жаулықты аналары, ауыл тұрғындары мен Баймырза Бесбаев мектеп-гимназиясының білім алушыларының қатысуымен өтті. Жүргізушілер Ауған соғысы жайлы толық мәлімет берсе, Ақбұлым ауылының әкімі Ердос Бейсенов батырымызды төл мерексімен құтықтады. Жамбыл ауданының маслихат депутаты Малдыбаев Нышанбек арнайы іс шараға келіп Ауған ардагерін алғыс хатпен марапаттады. Бүгінгі кездесу кештің басты қонағы ауған соғысының ардагері Бөрібаев Доғдырхан Сәбенұлы соғыс кезінде көрген қиыншылықтары мен бастан кешкен оқиғаларымен бөлісіп, әсерлі әңгіме жүргізді. Кеш соңында өнерлі өнерпаздарымыз би билеп әндерін шырқады. Арнайы іс шараға келген Бөрібаев Доғдырхан ағамыздың ұжымдастары сыйлықтарын табыстады.Бұл кездесу үлкен тәрбиелік мәні зор мағыналы іс — шара болды деп есептейміз.
Кештің мақсаты: Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету.