GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпарат
Онлайн қабылдау
Все материалы
Басқарманың жұмыстарына құқықтық сүйемелдеу жүргізу; Басқарманың кадр іс жұмыстарын ұйымдастыру; Басқарманың мұрағат жұмыстарын ұйымдастыру; Баспасөз қызметі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
20 октября 2026
Құжат айналымының сапасы мен орындаушылық тәртіп мәселелері талқыланды

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Бақыт Бетбаевтың төрағалығымен басқарма қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс жиналысы өтті.

Жиналыстың күн тәртібінде кіріс және шығыс құжаттарын сапалы әрі уақтылы орындау, мемлекеттік органдарға Documentolog электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкес дұрыс жолдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштерге, шағымдар мен сауалдарға мазмұны мен мәніне қарай сауатты, нақты әрі кәсіби жауап беру мәселелері қаралды.

Жиында басқарма басшысының орынбасары Көкей Олжас Тұрғынұлы құжаттамамен жұмыс жүргізудің негізгі талаптарына кеңінен тоқталып, құжаттарды әзірлеу, ресімдеу, тіркеу және жүргізу барысында қолданыстағы талаптарды сақтау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, электрондық құжат айналымы жүйелерін дұрыс пайдалану, құжаттарды тиісті мемлекеттік органдарға уақытылы әрі қатесіз жолдау және тапсырмалардың орындалу мерзімдерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.

Жиналыс қорытындысы бойынша қызметкерлерге құжат айналымының сапасын арттыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде заңнама талаптарын сақтау, сондай-ақ қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен әрі белгіленген мерзімде орындау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Басқарманың жұмыстарына құқықтық сүйемелдеу жүргізу; Басқарманың кадр іс жұмыстарын ұйымдастыру; Басқарманың мұрағат жұмыстарын ұйымдастыру; Баспасөз қызметі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
20 октября 2026
«Оқырман ұлт» марафоны: кітап оқуға деген қызығушылық артуда

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының қызметкерлері «Оқырман ұлт» республикалық кітап оқу марафонын қолдап, игі бастамаға белсенді түрде атсалысуда. Кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, халықтың рухани дамуына және білім көкжиегін кеңейтуге бағытталған бұл марафонның маңызы зор. Өйткені кітап оқу – адамның ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытып, дүниетанымын қалыптастыратын маңызды құрал.

Осы орайда басқарма қызметкерлері марафонға белсенді қатысып, кітап оқуды күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыруда. Қазіргі таңда 15 кезеңнен тұратын марафонның үшінші кезеңіне жетіп, алға қойған мақсаттарына қарай жүйелі түрде қадам басып келеді.

Аталған бастама қызметкерлер арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, білім мен рухани құндылықтарды дәріптеуге де ықпал етеді.

Кітап оқитын ұлт – ойы озық, рухы биік ұлт. Сондықтан «Оқырман ұлт» марафонын қолдау – елдің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға қосылған маңызды үлес.

Басқарманың жұмыстарына құқықтық сүйемелдеу жүргізу; Басқарманың кадр іс жұмыстарын ұйымдастыру; Басқарманың мұрағат жұмыстарын ұйымдастыру; Баспасөз қызметі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
16 октября 2026
Ветеринариялық нысандар құрылысы: мерзім мен сапа – басты назарда

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Бақыт Бетбаевтың төрағалығымен ветеринариялық нысандар құрылысының барысы және өзге де өзекті мәселелер бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Кеңеске Байзақ, Талас, Т. Рысқұлов және Меркі аудандары әкімдерінің орынбасарлары, Жамбыл облыстық ветеринариялық станциясының басшылығы, аудандық ветеринариялық ұйымдардың басшылары мен құрылыс мердігер ұйымдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде өңірде салынып жатқан ветеринариялық нысандардың құрылыс барысы, жұмыстардың белгіленген мерзімде аяқталуы, құрылыс сапасын бақылау және пайдалануға дайын нысандарды тиісті ұйымдардың балансына қабылдау мәселелері қаралды.

Жиын барысында әрбір нысан бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі талқыланып, құрылыс процесінде туындаған мәселелер мен оларды шешу жолдарына назар аударылды. Сонымен қатар құрылыс жұмыстарының белгіленген кестеге сәйкестігі, мердігер ұйымдардың міндеттемелерді орындауы және жауапты тараптардың өзара іс-қимылын үйлестіру мәселелері пысықталды.

Кеңес төрағасы Бақыт Аязұлы Бетбаев құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы қажеттігін атап өтіп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Ол ветеринариялық нысандарды уақытылы пайдалануға беру ветеринариялық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және сала мамандарының тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін маңызды қадам екенін жеткізді.

Сондай-ақ ауылдық округ әкімдеріне құрылыс жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстау, мердігер ұйымдармен бірлесіп туындаған мәселелерді жедел шешу және құрылысы аяқталған нысандарды белгіленген тәртіппен тиісті ұйымдардың балансына қабылдау жұмыстарын жеделдету тапсырылды.

Өз кезегінде мердігер ұйымдардың өкілдеріне қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етіп, құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзіміне жауапкершілікпен қарау қажеттігі ескертілді.

Кеңес қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді шешу, құрылыс барысын бақылауды күшейту және белгіленген міндеттердің уақытылы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік
Басқарманың жұмыстарына құқықтық сүйемелдеу жүргізу; Басқарманың кадр іс жұмыстарын ұйымдастыру; Басқарманың мұрағат жұмыстарын ұйымдастыру; Баспасөз қызметі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
15 сентября 2026
«Ашық есік күні» акциясы аясында азаматтар қабылданды

Бүгін халық пен мемлекеттік орган арасындағы байланысты нығайту, азаматтарға қажетті ақпарат пен түсіндірмелер беру мақсатында «Ашық есік күні» акциясы өтті.

Акция аясында Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қожабергенов Талғат Ермекұлы бірқатар азаматтарды қабылдап, олардың ветеринария саласына қатысты сауалдарына жауап берді.

Кездесу барысында ветеринария саласында лицензия алу тәртібі мен талаптары, сондай-ақ кәсіби қызметке қатысты мәселелер көтерілді. Бөлім басшысы қойылған сұрақтарға қолданыстағы талаптар шеңберінде түсіндірме беріп, қажетті ақпаратпен қамтамасыз етті.

Сонымен қатар, жас мамандардың ветеринария саласына қызығушылығын арттыру және ветеринариялық мекемелерге жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жөнінде кеңестер айтылды. Ветеринария саласының жануарлар саулығын қамтамасыз етудегі, халықтың қауіпсіздігін сақтаудағы және ауыл шаруашылығын дамытудағы маңызы атап өтілді.

«Ашық есік күні» барысында азаматтардың ұсыныстары мен өтініштері тыңдалып, тиісті түсіндірмелер берілді.

Мұндай кездесулер азаматтармен тікелей байланыс орнатып, олардың мәселелерін тыңдауға және мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мекеменің қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық және дұрыс ақпарат беруді қамтамасыз ету
14 сентября 2026
АДАЛ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ – ЕЛ СЕНІМІНІҢ ТІРЕГІ

Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілікті, кәсібилікті және ең бастысы, адалдықты талап ететін абыройлы міндет. Халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімі әрбір қызметшінің өз міндетін сапалы әрі жауапкершілікпен атқаруынан қалыптасады.

Осы тұрғыдан алғанда, Алтынкөп Бейбіт Нұрланұлының еңбек жолы – кәсіби тәжірибе мен адал еңбекті ұштастырып келе жатқан мемлекеттік қызметшінің үлгісі.

Алтынкөп Бейбіт Нұрланұлы 1990 жылы Талас ауданында дүниеге келген. Қаржы және банк ісі бағытында жоғары білім алған. Еңбек жолын байланыс саласынан бастап, жеке секторда және мемлекеттік кірістер органдарында қызмет атқарған. 2024 жылдан бастап ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді.

Мемлекеттік қызметші үшін лауазым – тек мәртебе емес, ең алдымен қоғам алдындағы жауапкершілік. Заңдылықты сақтау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану, азаматтардың өтініштеріне жауапкершілікпен қарау – мемлекеттік қызметтің басты қағидаттарының бірі.

Адалдық, әділдік, ашықтық және заңға құрмет – халық сенімін нығайтатын негізгі құндылықтар.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында да әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігі маңызды. Қызметтік өкілеттікті адал пайдалану, мемлекеттік мүддені жоғары қою – мемлекеттік қызмет беделін арттырудың маңызды негізі.

Бүгінгі қоғамға білімді әрі кәсіби маманмен қатар, адамгершілік ұстанымы берік, жауапкершілігі жоғары, ел мүддесін бәрінен биік қоятын мемлекеттік қызметшілер қажет.

Әрбір адал атқарылған іс, әрбір әділ шешім және әрбір азаматқа көрсетілген сапалы қызмет – халық сенімін нығайтуға қосылған үлес.

 

Адал қызмет – абыройлы міндет. Мемлекетке қызмет ету – халыққа қызмет етуден басталады.

Басқарманың жұмыстарына құқықтық сүйемелдеу жүргізу; Басқарманың кадр іс жұмыстарын ұйымдастыру; Басқарманың мұрағат жұмыстарын ұйымдастыру; Баспасөз қызметі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
11 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Бүгін басқарма басшысының міндетін атқарушы Мамбетов Бауыржан Ізтайұлының төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған кезекті жиын өтті.

Жиынға тізім бойынша ұжым қызметкерлері қатысып, мемлекеттік қызметтегі адалдық, заң талаптарын сақтау және қызметтік жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды.

Кездесу барысында әдеттегідей әкімшілік, ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Алтынкөп Бейбіт Нұрланұлы сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына кері әсер ететін өзекті мәселелердің бірі екеніне тоқталып, тақырып аясында мазмұнды баяндама жасады.

Баяндама барысында парақорлықтың қоғамның ауыр дерті екені айтылып, оның мемлекеттік институттарға деген сенімге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне кері әсер ететіні атап өтілді. Сондай-ақ қызметтік өкілеттіктерді жеке мүдде үшін пайдалануға, заң талаптарын айналып өтуге және қандай да бір сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеудің маңыздылығы түсіндірілді.

Басқарманың жұмыстарына құқықтық сүйемелдеу жүргізу; Басқарманың кадр іс жұмыстарын ұйымдастыру; Басқарманың мұрағат жұмыстарын ұйымдастыру; Баспасөз қызметі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
07 сентября 2026
АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бүгін басқарма басшысы Бақыт Аязұлы Бетбаевтың азаматтарды жеке қабылдауы өтті.

Қабылдау барысында азаматтар өздерінің жеке мәселелері бойынша өтініштері мен сұрақтарын жеткізіп, көтерілген мәселелерге қатысты тиісті жауаптар мен түсіндірмелер алды.

Басқарма басшысы әр азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында қажетті түсіндірмелер берді.

Басқарманың жұмыстарына құқықтық сүйемелдеу жүргізу; Басқарманың кадр іс жұмыстарын ұйымдастыру; Басқарманың мұрағат жұмыстарын ұйымдастыру; Баспасөз қызметі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
26 августа 2026
БАСҚАРМАДА КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖИЫН ӨТТІ

Бақыт Бетбаевтың төрағалығымен кезектен тыс жиын өтті. Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, ішкі тәртіп талаптарын орындау және азаматтармен кері байланысты жедел қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын және ішкі тәртіп регламенттерін сақтау болды. Осы бағытта әкімшілік, ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Алтынкөп Бейбіт Нұрланұлы баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениеті, қызметтік тәртіпті сақтау, жұмыс уақытын тиімді пайдалану және әріптестермен өзара қарым-қатынаста әдеп нормаларын ұстанудың маңыздылығына тоқталды.

Баяндама барысында мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттерін жауапкершілікпен атқаруы, азаматтардың өтініштері мен сұраныстарына заңнама талаптарына сәйкес сапалы әрі уақтылы жауап беруі қажеттігі атап өтілді.

Сонымен қатар, басқарма басшысы Бақыт Бетбаев «алтын сағат» қағидаты аясында тұрғындармен кері байланысты жедел жолға қою мәселесіне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, басқарманың ресми әлеуметтік желідегі парақшаларына азаматтар тарапынан келіп түсетін пікірлер мен сұрақтарға салалық бөлімдердің дер кезінде жауап дайындауы тапсырылды.

Басқарма басшысы азаматтардың әлеуметтік желілер арқылы жолдаған сауалдары мен ұсыныстары назардан тыс қалмауы тиіс екенін атап өтіп, әрбір пікірге жауапкершілікпен қарап, тиісті сала мамандарының жедел әрі нақты ақпарат ұсынуын міндеттеді.

Жиын қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді сапалы орындау, ішкі тәртіп пен қызметтік әдеп талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ азаматтармен ашық әрі тиімді кері байланысты қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Басқарманың жұмыстарына құқықтық сүйемелдеу жүргізу; Басқарманың кадр іс жұмыстарын ұйымдастыру; Басқарманың мұрағат жұмыстарын ұйымдастыру; Баспасөз қызметі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
19 августа 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Басқарма басшысының төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің заң талаптарын сақтау мәселелеріне арналған жиын өтті.

Жиын барысында басқарманың әкімшілік, ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Алтынкөп Бейбіт Нұрланұлы баяндама жасап, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау және қолданыстағы заңнама талаптарын мүлтіксіз орындау мәселелеріне тоқталды.

Әсіресе, мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты шектеулерге ерекше назар аударылды. Баяндама барысында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын негізгі талаптар, қызметтік міндеттерді орындау кезінде мүдделер қақтығысына жол бермеу, қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдаланбау, сыйлықтар мен заңнамада көзделмеген өзге де артықшылықтарды қабылдауға жол бермеу мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауы, жеке және заңды тұлғалармен қарым-қатынас барысында адалдық пен ашықтық қағидаттарын ұстануы қажеттігі айтылды.

Басқарманың жұмыстарына құқықтық сүйемелдеу жүргізу; Басқарманың кадр іс жұмыстарын ұйымдастыру; Басқарманың мұрағат жұмыстарын ұйымдастыру; Баспасөз қызметі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
19 августа 2026
АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ НАЗАРДА

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Бетбаев Бақыт Аязұлы азаматтарды жеке қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар ветеринария саласына қатысты бірқатар мәселелерді көтеріп, өздерінің ұсыныстары мен өтініштерін білдірді.

Басқарма басшысы әр азаматтың мәселесін жеке тыңдап, қойылған сауалдарға заңнама талаптарына сәйкес түсініктеме берді. Көтерілген мәселелердің әрқайсысы назарға алынып, оларды шешу бойынша жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктелді.

Социальные сети
Жамбыл облысы әкімідігінің ветеринария басқармасының ресми парақшасы
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы