Меню

Страницы

Статья

Ветеринариялық іс-шараларды жүргізу

Ветеринарияның негізгі қызметі жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

Облыс аумағында ветеринариялық іс-шараларды жүргізуді 11 коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын құрамында 160 ветеринариялық пункт орындайды.

Аудандар мен Тараз қаласының ауылдық округтерінде ветеринариялық мамандар ветеринариялық пункттер жануарларды емдеу, жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу, ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру жөнінде қызметтер көрсетеді. Аса қауіпті аурулардың профилактикасынан (вакцинациялау, қан сынамасын алу), ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуден басқа көрсетілетін қызметтер жануарлар иелерінің есебінен ақылы негізде жүргізіледі.

Вакцинация 2022 жылға арналған жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша бекітілген ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Облыста барлық мал басына ауыл шаруашылығы жануарларының сібір жарасына, ірі қара малдың нодулярлық дерматитіне, ірі қара малдың, ұсақ қара малдың және шошқаның аусылына, ұсақ қара малдың шешегіне, үй құсының құс тұмауына, түйе обасына қарсы профилактикалық вакцинация жүргізу жоспарланған. Жас малды оба мен эктимаға қарсы егу.

Басқа аурулар бойынша осы ауруларға қолайсыз пункттерде профилактикалық вакцинация жүргізу жоспарланған.

Ірі қара малдың, түйелердің және шошқалардың барлық басының туберкулезге аллергиялық зерттеу жүргізужоспарланған.

Саламатты пункттерде жоспарлы түрде диагностикалық зерттеу мыналарға жүргізіледі:

1) ірі қара мал: жасы 12 айдан басталатын барлық мал басы – екі рет (көктемде және күзде);

2) ұсақ мал (қой мен ешкі): жасы 12 айдан басталатын барлық мал басы – екі рет (көктемде және күзде);

3) шошқалар: негізгі мегежіндер – бруцеллезге күдіктенуге негіз болатын белгілері анықталған кезде; еркек шошқалар – жылына бір рет;

4) жылқылар: бруцеллезге (бурсит) күдіктенуге негіз болатын белгілері анықталған кезде;

6) түйелер: жасы 12 айдан асқан барлық мал басы жылына бір рет;

7) иттер: (отар, табын маңында) мекендейтін ересек иттерді жылына бір рет зерттейді.

Қазақстан Республикасының«Ветеринария туралы» Заңының 25-бабында жануарлар иелерінің жануарлар ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөнiндегi мiндеттерi айқындалған. Облыс тұрғындарына осы баптың талаптарын сақтауды сұраймыз.

Құрметті облыс тұрғындары, ветеринариялық көмек қажет болған жағдайда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық пункттерінің ветеринариялық мамандарына жүгінулеріңізді сұраймыз.

Дата публикации
20 января 2022
Дата обновления
20 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 мая 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау ерекшеліктері
Жаднама
12 января 2024
ЖАДНАМА
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Жамбыл облысы әкімідігінің ветеринария басқармасының ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы