Меню

Страницы

Статья

Бос жұмыс орындары

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы (бұдан әрі- Басқарма) Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында отандастарды жұмыс күші артық оңтүстік өңірлерден біздің облысқажұмысқа орналастыру үшін қоныстандыру көзделген.

Уәкілетті мемлекеттік органдар осы бағытта белгілі бір жұмыс жүргізіп жатыр.

Бос жұмыс орындары.

Ветеринариялық станцияларда ветеринар маманның 58 бос орны бар, оның ішінде 21 мал дәрігерінің, 24 мал фельдшерінің және 13 жануарларды ветеринариялық дауалау жөніндегі оператордың орны бос.

Білімі.

Мал дәрігері – «Ветеринария», «Ветеринариялық медицина» және «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша жоғары білім; мал фельдшері – «Ветеринария» мамандығы бойынша орта-арнайы білім; жануарларды ветеринариялық дауалау жөніндегі оператор – курстарды бітіргені туралы куәлік.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

Ветеринариялық станцияға жұмысқа орналасқан жағдайда, қызметтік автокөлік, арнайы киім беріледі, мал дәрігерінің жалақысы 90 000 теңгеден 140 000 теңгеге дейін; мал фельдшерінің жалақысы 80 000 теңгеден 100 000 теңгеге дейін; жануарларды ветеринариялық дауалау жөніндегі оператордың жалақысы 60 000 теңгеден 80 000 теңгеге дейін.  

«Дипломмен – ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы.

«Дипломмен – ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жас ветеринар маман 204 190 мың теңге біржолғы көтерме жәрдемақы, жеке меншік баспана сатып алу немесе салу үшін ең төменгі 0,01% мөлшерлемемен 4 375 500 теңге жеңілдікті несие ала алады.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы.

Бұдан басқа Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының аясында отандастырымызды жұмыс күші артық оңтүстік өңірлерден және Нұр-Сұлтан қаласынан біздің облысқа қоныстандыру көзделген. Қоныс аударатын отбасының әр мүшесіне 70 АЕК субсидия беріледі, ауылдық жерге қоныс аударған жағдайда кемінде төрт адамнан тұратын отбасыларға жаңа баспана беріледі.   

Сондай-ақ отбасы мүшелерінің санына қарай (1 адам – 15 АЕК, 2-ден 4 адамға дейін – 18 АЕК, 5 адамнан асса – 21 АЕК) бір жылға дейін тұрғын үй жалдауды субсидиялау көзделген.

Сонымен қатар ветеринариялық станция есебінен малдәрігерлік санитарларды (жануарларды дауалау жөніндегі операторларды) айлық даярлау курстарына жіберу көзделген.

Жұмысқа орналасуға ниет білдірушілер ветеринария басқармасына 8-701-390-46-15, 8 (7152) 50-49-68 телефондары арқылы хабарласып, кеңес ала алады.

Дата публикации
12 ноября 2021
Дата обновления
12 ноября 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 мая 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау ерекшеліктері
Жаднама
12 января 2024
ЖАДНАМА
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Жамбыл облысы әкімідігінің ветеринария басқармасының ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы