Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен негізгі ережелерін насихаттау мақсатында, облыс әкімдігінің ветеринария басқармасы мен қала және аудандарда орналасқан ведомстволық бағынысты ұйымдар өз қызметінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңын, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығын, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» №7-1/68 бұйрығын, 2015 жылғы 6 мамырдағы «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» №7-1/418 бұйрығын, 2015 жылғы 21 мамырдағы «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» №7-1/453 бұйрығын, сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» №24 қаулысын басшылыққа алады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының негізінде «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі, қосымша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» №7-1/453 бұйрығымен реттелсе, «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» №7-1/68 бұйрығымен қосымша реттеледі.
Сонымен қатар, «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Осы қолданыстағы аталмыш нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының негізінде келесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағаз және электронды түрде «Электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы тұрақты жүзеге асырылады, атап айтқанда:
- ведомстволық бағынысты ұйымдардың тарапынан:
1) «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
2) «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
- ветеринария басқармасының тарапынан:
3) «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.
Ветеринария саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 83 үй мекен-жайына хабарласуға болады. Байланыс телефоны 45-15-65.