Меню

Страницы

Статья

Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік туралы

Ветеринария жануарлардың ауруларын және тағамнан улануын (зақымдалуын) зерделеуге, олардың профилактикасы, диагностикасы, емделуі мен жойылуына, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің ветеринария саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнайы ғылыми білімнің және тәжірибелік қызметтің саласы болып табылады.

Ветеринарияның негізгі мақсаттарына жануарларды аурулардан қорғауды және оларды емдеуді, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғауды, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жатқызуға болады.

Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету адамдардың өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғауға қолайлы жағдайлар жасау үшін өте маңызды.

Ветеринариялық препараттар және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған бұйымдармен жүйелі қамтамасыз етілу жоспарлы ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды орындауды күнтізбелік жылдың бірінші тоқсанынан бастауға мүмкіндік береді, бұл олардың толық және уақытында аяқталуын қамтамасыз етедi.

Өңірлердің ветеринариялық қызметтерімен сынамалар алу, жануарлар ауруларының диагностикасы мен профилактикасы бойынша мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізіледі.

Бұл ветеринариялық-профилактикалық рәсімдер кешені барлық облыс бойынша жануарлар ауруларының ошақтарын уақытында анықтауға және жоюға мүмкіндік береді.

Бүгiнгi таңда облыс аумағында эпизоотиялық жағдай бiр қалыпты, бұл мал шаруашылығы саласында бағдарламаларды сәттi жүзеге асыруға және облысымыздың аумағында өндiрiлетiн өнiм мен шикiзатты тыс жерлерге еркiн шығаруға мүмкiндiк бередi.

 
Дата публикации
01 февраля 2021
Дата обновления
01 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 мая 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау ерекшеліктері
Жаднама
12 января 2024
ЖАДНАМА
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Жамбыл облысы әкімідігінің ветеринария басқармасының ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы