2025 жылы облыста қараусыз қалған жануарлар мәселесін шешу, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жануарларға адамгершілікпен қарау қағидаттарын сақтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді.
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және биостерилизациялау бойынша іс-шараларға облыстық бюджеттен 45,7 млн теңге бөлінді.
Жыл басынан бері 20 757 қаңғыбас жануарлар ауланды.
▪️ Оның ішінде 1 479 жануар стерилизация кастрация жасалып, табиғи мекендеу ортасына жіберілді.
▪️ 537 ит уақытша ұстау орнында.
Бүгінгі таңда үй жануарларын тіркеу дерекқорында 7 767 жануар тіркелген.
Барлық тіркелген жануарлар чиптелген және есепке алынған.
Жүргізіліп жатқан жұмыс жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, сондай-ақ облыстың елді мекендерінде санитарлық және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.