Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес ветеринария басқармасы 3 қызмет түрін көрсетеді, бұл Тізілім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санын құрайды – 351 733 қызмет:

         Оның ішінде:

            -ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру – 1 қызмет.

            - ветеринариялық анықтама беру – 59 872 қызмет.

            -  ветеринариялық паспорт беру – 291 860 қызмет.     

         2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 140 529 қызметке көбейді (2023 жылдың 12 айында 211 203 қызмет көрсетілген).

         Атап айтқанда, сұранысқа ие қызметтерге ветеринария  саласының қызметтері кіреді  «Ветеринариялық паспорт беру» – 117 088 беру, «Ветеринариялық анықтама беру» - 94 115 беру.

         2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілген қызмет түрі жоқ.

         Есепті кезеңде Жамбыл облысының ветеринария басқармасы бекітілген жоспарларға сәйкес 4 ішкі бақылау  іс-шараларын өткізді (Байзақ, Қордай, Шу, Талас ведомстволық бағынысты ұйымдарды қамтылды).

         Іс-шаралар қорытындысы бойынша  бұзушылық анықталған жоқ.

         2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың  фактілері тіркелген жоқ.

                   Мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу мақсатында облыс әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2024 жылға арналған іс-шаралар бекітіліп, жұмыс жүргізілді.

         Облыстық, қалалық, аудандық деңгейлерде түсіндіру, оқыту және практикалық көмек үнемі жүргізіледі.

         Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде мақалалар, семинарлар ұйымдастырылды.

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
Дата публикации
21 июля 2025