ЖОБА
«Жамбыл облысында ветеринария саласындағы кейбір заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің
2023 жылғы 31 қазандағы № 213 қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы.
Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жамбыл облысында ветеринария саласындағы кейбір заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 қазандағы № 213 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:Көрсетілген қаулымен бекітілген Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының «Жамбыл облысының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Жарғысында:19 тармақтың 7), 13) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын: «7) Кәсіпорынның басшысына, оның орынбасарына, бас (аға) бухгалтеріне және Кәсіпорын аппарат қызметкерлеріне лауазымдық жалақының мөлшерін, сыйлықақылардың және басқа да сыйақылардың жүйесін белгілейді.»; «13) Кәсіпорын басшысының ұсынуы бойынша оның орынбасарын, бас (аға) бухгалтерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады»;20 тармақтың 8), 9) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:«8) Кәсіпорынның орынбасарын, бас (аға) бухгалтерін, филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларын келісу және қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін Басқару органға кандидатураларды ұсынады.»; «9) өзінің орынбасарының, бас (аға) бухгалтердің және кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің құзыретін белгілейді»;38, 44, 45, 46 тармақтары келесі редакцияда жазылсын:«38. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері 801 344 000 (сегіз жүз бір миллион үш жүз қырық төрт мың) теңге 00 тиын құрайды.Жарғылық капиталды меншік иесі (Құрылтайшы) Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуі кезіне толық қалыптастыруы тиіс.»; «44. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесін, лауазымдық жалақы мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге сыйақы төлеудің жүйелерін белгіленген еңбекақы қоры шегінде Кәсіпорын Басқару органымен келісім бойынша айқындайды.»; «45. Кәсiпорының басшысының, оның орынбасарының, бас (аға) бухгалтерiнiң және Кәсіпорын аппарат қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн Басқару органы белгiлейдi.»; «46. Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Жарғыға және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.»;келесі мәтіндегі 14 тараумен толықтырылсын:«14. Кәсіпорынның міндеттері. 52. Кәсіпорын міндетті:1) осы Жарғының шарттарын сақтауға;2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қызметін жүзеге асыруға;3) салық заңнамасына сәйкес салықты және басқа да міндетті төлемдерді бюджетке төлеуге;4) өз қызметі нәтижелерінің жедел бухгалтерлік есебін жүзеге асыруға және статистикалық есептілікті жүргізуге;5) оған бекітіп берілген мүліктің сақталуы бойынша шаралар қолдануға;6) жалданып жұмыс істейтін азаматтарға әлеуметтік, медициналық және өзге де сақтандыру түрлерін жүзеге асыруға, оларға қолданыстағы Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;7) мемлекет тапсырысын орындауға міндетті;8) жыл сайын Басқару органымен келісім бойынша ақылы (қызмет көрсету) қызметтерді жүзеге асыру жоспарын бекіту және бекітілген жоспардың толық көлемде орындалуын қамтамасыз ету.».
«Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Жамбыл облысының әкімі Е. Қарашөкеев
Жобаны ұсынушы:
Жамбыл облысы әкімдігінің
ветеринария басқармасы
басшысы Б. Бетбаев