ЖОБА
Жамбыл облыстық мәслихатының "Жамбыл облысы аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 52-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Жамбыл облысы аумағында жануарларды асырау Қағидаларында:
15 тармақтың 1 тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) Жануарларды бірдейлендіру қағидаларына сәйкес уақтылы бірдейлендіруден өткізуге";
15 тармақтың 4 тармақшасындағы "қоршаған адамдарға, жануарларға» деген сөздер «қоршаған ортаға, адамдар мен жануарлар денсаулығына"деген сөздермен ауыстырылсын;
16 тармақтың 2 тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) зоопарктердегi, цирктердегi, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарлардың ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұсталуын, өсiрiлуiн және пайдаланылуын жүзеге асыруға";
16 тармақтың 3 тармақшасы "аумақты" деген сөз "жануарларға арналған аумақты" деген сөздермен ауыстырылсын;
16 тармақтың 4 тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) жануарлар және олардан алынатын өнімдер, шикізаттарды күтіп-ұстау, өсiру, пайдалану, өндiру, дайындау, сақтау, қайта өңдеу, өткiзу және тасымалдау кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауға";
Жамбыл облыстық
мәслихатының төрағасы А. Нуралиев