Жамбыл облысы әкімдігінің Ветеринария басқармасының 2024 жылдың IІI - тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы (бұдан әрі-басқарма) және Тараз қаласы және аудандардың ветеринариялық станциялар тарапынан ҚР АШМ-нің «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Ережесіне сәйкес 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

1.Ветеринариялық анықтама беру.

            Ветеринариялық объектілер тасымалданған (орын ауыстырылған) кезде объект түріне қарай ветеринариялық анықтама жергілікті атқарушы органдар құрған ветеринариялық ұйымдардың бекітілген ветеринария саласындағы маман «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» ережесіне және «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР АШМ-нің 2015 жылғы 21 мамырдағы №7-1/453 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес рәсімдейді.

            Ветеринария саласындағы маман жануарды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты ветеринариялық қарап тексергеннен кейін, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасындағы немесе одан үзіндідегі жануарлар туралы мәліметтер, ветеринариялық паспорт, сондай-ақ аумақтың өтіну сәтіндегі эпизоотиялық ахуалын бағалау негізінде мөрімен және қолымен расталған ветеринариялық анықтама береді.

            Берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәліметтер «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесіне» енгізіледі және анықтама межелі пунктіне жеткенге дейін жарамды болып табылады.

            2024 жылдың 3 тоқсанында 17 861ветеринариялық анықтама берілді.

  1. Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу қызметі жергілікті атқарушы органдар құрған ветеринариялық ұйымдар арқылы көрсетіледі.

            Бұл қызмет түрі – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

            2024 жылдың 3 тоқсанында 280 507ветеринариялық паспорт берілді.

  1. Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру.

            Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру қызметін Жамбыл облысының әкімдігінің ветеринария басқармасы көрсетеді.

            Бұл қызмет түрі қызметті берушінің кеңсесі және «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады. Қызмет электрондық немесе қағаз түрінде көрсетіледі.

            Басқарма тарапынан 2024 жылдың 3тоқсанында  лицензия берілген жоқ

Жамбыл облысы әкімдігінің Ветеринария басқармасының 2024 жылдың IІI - тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Дата публикации
07 октября 2024