Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетіміділігі мен негізгі ережелері

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының негізінде «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі, қосымша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» №7-1/453 бұйрығымен реттелсе, «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» №7-1/68 бұйрығымен қосымша реттеледі.

         Ал, «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

         Осы қолданыстағы аталмыш нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының негізінде ветеринария басқармасы келесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қағаз және электронды түрде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы тұрақты жүзеге асырады, олар:

         - басқармаға қарасты қала және аудандардағы ұйымдардың тарапынан:

         1) «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;

         2) «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;

         - ветеринария басқармасының тарапынан:

         3) «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.

         Мерзімі бұзылғаны (мерзімі өткен) және бас тартылған мемлекеттік қызмет түрлері жоқ. Келіп түскен өтініштерді уақытылы және сапалы қарау жұмысы күшейтіліп  назарға алынған. Барлық ресми арналары бойынша кері байланыс қамтамасыздандырыла отырып қызмет алушылардың шағымдарымен өтініштері уақытылы қаралып кері байланыс орындалуда, халық арасында ағарту жұмыстары жүргізілгенділігі туралы хабарлайды.

Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетіміділігі мен негізгі ережелері
Дата публикации
29 апреля 2024