Ветеринария саласы бойынша.
Құрметті Ербол Шырақпайұлы!
СЛАЙД 1.
Басқарманың Тараз қаласы және аудандарда бағынысты ветеринария ұйымдары (бұдан әрі – кәсіпорын) Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылдың20 наурыздағы №53 қаулысымен жұмыстарды атқаруда.
2023 жылға ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізуге барлығы 3,4 млрд. теңге бөлінді (Республикалық бюджеттен 668 млн, жергілікті бюджеттен 2,8 млрд. теңге).
Ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру жопарына сәйкес жыл басынан 1,4 млн. төл бірдейлендіріліп, тоғыз айда АШЖБ дерек қорында барлығы 4,9 млн. бас ауыл шаруашылығы жануарлары (МІҚ – 566 133 бас, ұсақ мал – 4 149 540 бас, жылқы – 197 774 бас, түйе – 8 596 бас, шошқа – 8 034 бас) тіркелді. Мал басының өсімі 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда3 пайызды құрап, Республика бойынша мал басы санынан екінші орында тұр (бірінші Түркістан облысы).
АШЖБ дерек қоры мен Ұлттық статистика бюросының мал басы бойынша ақпараттарын сәйкестендіру бағытында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде бүгінгі таңда ақпараттар айырмашылығы 3,1 пайызды құрап,сәйкестендірудің минималды шегіне жеткізілді.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша биылғы жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспары бойынша есептік кезеңде 18,2 млн. вакцинация, 4,3 млн. диагностикалық жұмыстар жүргізілді.
Бруцеллез анықталған 497 бас ауыл шаруалышылығы жануарлары (МІҚ – 125 бас, ұсақ мал – 372 бас) ветеринариялық талаптар мен ережелерге сәйкес 15 күнтізбелік күн ішінде санитариялық сою арқылы қайта өңдеуге жіберілді.
Ветеринариялық іс-шаралардың нәтижесінде жыл басынан облыс аумағында 3 (үш) ауру түрінен 14 ошақ(құтыру–3, бруцеллез–6, сібір жарасы–5) анықталып, қолданыстағы заңнамалар аясында сауықтыру және аурудың көзін жою жұмыстары толық атқарылды.
СЛАЙД 2.
Конго Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы кешенді іс-шараны жүргізу үшін кенеге қарсы акарицидтік препараттарды сатып алуға облыстық бюджеттен 83,8 млн.теңге (Байзақ-572 мың, Жамбыл – 10,3 млн. Мойынқұм – 34 млн, Сарысу – 14 млн, Талас – 23,3 млн, Шу-1,1 млн.), Кенеге қарсы жұмыстарды жүргізуге аудандық бюджеттен 44,5 млн.теңге (Байзақ – 628 мың, Жамбыл – 1,5 млн, Мойынқұм – 15,8 млн, Талас – 25,6 млн, Шу - 928 мың) бөлінді.
2023 жылғы 30 қаңтарда облыс әкімінің орынбасарымен бекітілген «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағына қоныстанған аудандар тұрғындарын қорғау жөніндегі іс-шаралар» жоспарына сәйкес, эндемиялық аудандардың 37 елді мекенінде барлығы 2,9 млн. ш.м. аулалар мен қора жайлар, 195 мың ш.м. буферлік аймақ және 506 мың бас ауыл шаруашылығы жануарларына көктем және күзгі кезеңдегізалалсыздандыру жұмыстары толық жүргізілді.
Құрметті Ербол Шырақпайұлы!
Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілгенімен аймақтарда кененің саны азаймай отыр. Осыған орай, 2018 жылы КҚГҚ-сы бойынша эндемиялық аймаққа енген 79 елді мекен және қосымша 2022-2023 жылы енгізілген 4 елді мекенді қоса алғанда барлығы 83 елді мекенге есептеулер бойынша кенеге қарсы залалсыздандыруға қажетті препараттар сатып алуға 129 млн. теңге, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге 109 млн. теңге, барлығы 239,1 млн. теңге қаражат қажеттігі болжануда.
2023 жылдың басынан адамдар арасында сібір жарасы ауруына17 адамнан оң нәтиже көрсетті (алғашқы жағдай 23.05.2023 жылы, соңғы жағдай 14.09.2023 жылы). Бүгінгі күнге барлық адамдар қажетті емдеу шараларын қабылдап сауығып шықты.
5 ауру ошағында(Талас–3, Жуалы–1, Тараз–1) аурудың көзін жою бойынша жұмыстар толық жүргізілді.
Облыс әкімі төрағалығымен 2, облыс әкімі орынбасары төрағалығымен 5 штаб отырысы өткізіліп, Тараз қаласы аумағына кіретін автожолдар бойына барлығы 5 (бес) бекет (105 разъезд, Бурыл ауылы айналма жолы, Айша бибі ауылындағы ескі пост, Жамбыл ауданы Қостөбе ауылы жанында, Қызыл жұлдыз қиылысы (кольцо))ұйымдастырылды.
15-тамыз және 08-қыркүйек аралығында барлығы 1 414 көліктерді тексерунәтижесінде 45 хаттама толтырылып, 3,5 млн. теңге айыппұл салынды.
Облыс аумағында 1958-2001 жылдар аралығында барлығы 189 сібір жарасы көмінділерінің ошақтары тіркелген және ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай қоршалып, бетондалған («Сібір жарасы» «Қауіпті аймақ» ескертпе тақтайшалары ілінген).Көмінділер маңынан алынған топырақ сынамалары зертханалық тексерумен теріс нәтиже берді.
СЛАЙД 3.
«Жануарларға жауапты қарау туралы» Заңына сәйкес облыстағы «JAMBUL109» диспетчерлік қызметіне жыл басынан бері түскен 4 056 өтініштер бойынша барлығы қанағаттандырылып, ережеге сай 20 678 ит пен 148 мысық ауланып жойылды.«TANBA» ақпараттық жүйесіне 1 901 үй жануарлары (1 252 ит, 649 мысық) тіркеліп, қоғамдық инспектор куәлігі 5 (бес) адамға берілді.
Аталған Заңның талаптарына сәйкес қала және аудандарда ұйымдастырылған уақытша ұстау орындарына жеткізілген иесіз жануарлар арнайы тәртіппен асырап алуға ниетті тұрғындарға берілуде. Жыл басынан 325 үй жануарларға кастрация, стерилизация жүргізіліп, 270 жануар табиғи ортаға қайта жіберілді.
СЛАЙД 4.
Сонымен қатар, аудандарда шалғай орналасқан елді мекендерде қажеттілік туындаған жағдайда дер кезінде ветеринариялық көмек көрсету мақсатында аудандар мен ауылдық округтерде барлығы 11 ветеринариялық клиникалар мен 145 ветаптекалар ұйымдастырылып, ауыл шаруашылығы жануарларының жұқпалы емес, паразитарлық, инвазиялық ауруларын емдеу және хирургиялық, акушерлік көмек көрсетуде.
Кәсіпорындар шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын болғандықтан, мемлекеттік тізілімге енбеген басқа да ауруларға қарсы (хирургиялық көмек, паразитарлық және жұқпалы емес, инвазиялық ауруларды емдеу, дезинфекция, дератизация жұмыстары) ақылы қызмет көрсетеді.
Облыстағы қала және аудандық 11 ветеринариялық станциялардың барлығы қызметтік ғимаратпен қамтылған.
Ауылдық округтердегі 160 ветеринариялық пункттердің 139-ы қызметтік ғимаратпен қамтылса, 21 ветпункт(Байзақ ауданы-1, Жуалы ауданы-1, Қордай ауданы-8, Меркі ауданы-2, Т.Рысқұлов ауданы-3, Талас ауданы-5, Шу ауданы-1) жалдамалы ғимараттарда жұмыс атқаруда.
Облыс бойынша жануарлардың өлекселері мен биологиялық қалдықтарды залалсыздандыратын арнайы41 биотермиялық «Беккер» шұңқырлары бар және бүгінгі күнге қосымша 19(Жуалы-1, Қордай-3, Меркі-1, Мойынқұм-4, Т.Рысқұлов-3, Сарысу-3, Талас-1, Шу-3)биотермиялық шұңқыр салу қажет.
СЛАЙД 5.
Қала және аудандар аумағында жалпы 1 276 қызметкер (оның ішінде 1 036 ветеринар мамандар) жұмыс атқарады.
Ветеринария басқармасының ұйымдастыруымен саланы дамыту, мамандарды қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру бағытында жылда семинар тренингтер өткізіледі.
Сонымен қоса 138 ветеринар мамандары «Құлан ауыл шаруашылығы жоғары колледжі» базасында оқытылып, «Қолдан ұрықтандырушы технигі» сертификаттарын алды.
Барлық ветеринариялық станциялар мен пункттер жалпы саны 225 қызметтік арнайы автокөліктермен (оның ішінде: СаньЕнг – 11, НИВА – 169, УАЗ көлігі – 23, арнайы ДУК көлігі – 14, әртүрлі көлік – 8), биологиялық және патологиялық қалдықтарды жоюға арналған 15 стационарлы, 5 жылжымалы инсенератор пештерімен қамтылған.
Бүгінде қызметтік арнайы автокөліктердің амортизациялық пайдалану уақытының жетуіне байланысты биылғы жылы қосымша 10 дана УАЗ автокөлігімен қамту жоспарланды. Бұл бағытта облыстық бюджет есебінен 133,1 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы қыркүйек айында арнайы жабдықталған УАЗ автокөліктері жеткізілді.
Бұдан бөлек, саланы цифрландыру, ветеринар мамандарының жұмысын оңтайландыру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттырумақсатында жергілікті бюджеттен 83,2 млн. қаражат бөлініп, ветеринариялық іс-шаралар жүргізетін мамандарға«Е-iszh mobile» бағдарламасымен жұмыс жүргізуге арналған 160 дана планшеттер сатып алуға мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.
Назарларыңызға рахмет!