Жануарлардың жұқпалы аурулары – 07 айында айында диагностикалық іс-шаралар нәтижесінде 113 бас МІҚ, 327 бас уақ мал, 5 бас иттен бруцеллез, 2 бас қошқардан инфекциялық эпидидимит, 1 бас жылқы, 1 бас МІҚ, 1 түлкі және 1 бас иттен құтыру, 1 бас МІҚ-дан сібір жарасы ауруы анықталды.
Жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қосымша мәліметтер – 2023 жылдың 07 айында бруцеллез ауруынан 6 қолайсыз, құтыру ауруынан 3 ошақ, сібір жарасы ауруынан 1 ошақ тіркелді.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен диагностикалық зерттеулер – жануарлардың ауруларына диагностикалық зерттеулер бойынша 365 875 бас МІҚ, 2 523 105 бас уақ мал, 14 141 бас жылқы, 1 624 бас шошқа, 5 948 бас түйе, 5 594 бас ит бруцеллезге, 60 688 бас қошқар эпидидимитке, хламидиозға 1 116 бас МІҚ, 2 441 бас уақ мал, лейкозға 1 347 бас МІҚ, лептоспирозға 70 бас МІҚ, 63 бас жылқы, 18 бас шошқа, листериозға 35 бас МІҚ, 50 бас уақ мал, 39 бас жылқы, 20 бас шошқа, лимфангитке 56 бас жылқы, паратуберкуллезге 426 бас МІҚ, құс тұмауына 1 558 бас құс, блютанг, ринотрахеит, диарея, шмаленберг ауруларына 355 бас МІҚ, анаэробты энтеротоксемияға 30 сынама, брадзотқа 28 сынама, бруцеллезге ПТР 299 сынама, бактериология 8 сынама, кампилобактериозға 2 005 сынама, листериозға 27 сынама, пастереллезға 32 сынама, сібір жарасына 355 сынама, қарасанға 22 сынама, құтыруға 11 сынама зерттеуден өтті.
Егулер мен емдеу профилактикалық іс-шаралар – 2023 жылдың 07 айына жоспарланған алдын-алу жұмыстары бойынша аусыл ауруына 576 539 бас МІҚ оның ішінде 131320 жас жануарлар, 3 893 550 бас уақ мал оның ішінде 1 091 460 жас жануарлар, 7 750 бас шошқа оның ішінде 2 420 жас жануарлар, сібір жарасына 512 919 бас МІҚ оның ішінде 67 700 жас жануарлар, 3 372 960 бас уақ мал оның ішінде 545 970 жас жануарлар, 149 311 бас жылқы, 6 662 бас түйе, 7 900 бас шошқа оның ішінде 2 420 жас жануарлар, нодулярлы дерматитке 387 570 бас МІҚ, эктимаға 1 021 750 бас уақ малдың жас төлдері, брадзотқа 363 879 бас уақ мал оның ішінде 183 750 жас жануарлар, қарасанға 214 400 бас МІҚ оның ішінде 23 650 жас жануарлар, құс тұмауына 613 536 бас құс, құтырыққа 3 000 бас жылқы, 172 бас түйе оның ішінде 30 жас жануарлар, 2 400 бас жабайы етқоректілер, 49 120 бас ит, 3 530 бас мысық оның ішінде 50 жас жануарлар егіліп, туберкуллезге жалпы 425 576 бас оның ішінде 27 870 жас жануарлар, маңқаға 3 860 бас аллергиялық тексеру жүргізілді, ішек құртқа қарсы 176 640 бас итке дәрі берілді.
Ветеринариялық-санитариялық дезинфекциялық жұмыстар – дезинфекциялық жұмыстар бойынша 11 875 нысанда барлығы 10 634,298 м2 профилактикалық және дезинсекция жұмыстары жүргізілді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы – 2023 жылдың басынан бері 134 488 бас мүйізді ірі қара, 1 240 000 бас уақ мал, 20515 бас жылқы, 1 462 бас түйе, 3 335 бас шошқа бірдейлендіріліп ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасына енгізілген.