Ветеринария саласы

2022 жылы облыста ветеринариялық іс-шараларға
2,79 млрд. теңге бөлінді.

Облыстағы ауыл шаруашылығы жануарларының саны
2023 жылдың 2 айында 3,8 млн. басты құрап, Республика деңгейінде мал саны бойынша екінші орында тұр (Түркістан облысынан кейін).

Жыл басынан 18 231 бас мүйізді ірі қара, 37 818 бас ұсақ мал, 2 158 жылқы, 2 бас түйе, 413 бас шошқа бірдейлендіріліп, Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (АШЖБ) деректер қорына енгізілді.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар 2 айлық жоспарына сәйкес вакцинациялық және
диагностикалық  жұмыстар 100% толық жүргізілді.

Атап айтқанда аса қауіпті ауруларға 790 мың манипуляция вакцина егу, 110 мың манипуляция диагностика бойынша жүргізілді.

Диагностикалық тексерулер нәтижесімен бруцеллез ауруына шалдыққан 43 бас ауыл шаруашылығы жануарлары (мүйізді ірі қара – 10 бас, ұсақ мал – 33 бас) қолданыстағы Заң аясында санитариялық талаптарға сай сойылып, қайта өңдеуге жіберілді.

Облыс аумағында жоспарланған ветеринариялық іс-шаралар өз деңгейінде жүргізілуде.

2023 жылдың 2 (екі) айында аса қауіпті аурулар ошақтары тіркелген жоқ. Ағымдағы уақытта облыс аумағындағы эпизоотиялық ахуал тұрақты және қатаң бақылауда.

Ветеринария саласы
Дата публикации
15 марта 2023