2022 жылға бекітілген жоспар бойынша эпизоотия және энзоотияға қарсы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар толық орындалды (эпизоотия 21,6 млн. манипуляция, энзоотия 1,0млн. манипуляция).
5млн. 117 мың манипуляция диагностикалық тексерулер нәтижесімен бруцеллез ауруы 439 бас ауыл шаруашылығы жануарларында(мүйізді ірі қара-75 бас, ұсақ мал-364 бас) анықталып,санитариялық талаптармен 75 бас ірі қара, 348 бас ұсақ мал сойылып, қайта өңдеуге жіберілді. Ауруға шалдығу 2021 жылмен салыстырғанда3 есеге төмен(2021 жылы барлығы 1197 бас, оның ішінде 286 бас ірі қара, 911 бас ұсақ мал).
6 ауру түрінен 14ошақта(құтыру-2, энтеротоксемия-6, қарасан-1, сібір жарасы-2, пастереллез-2, лептоспироз-1)тиісті шаралар қабылданды. Бруцеллез ауруынан қолайсыз 8 пункттесауықтыру жұмыстары жүргізілді.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсыжалпы 36 елді мекенде 3,6 млн. ш.м. аулалар мен қора жайлар, 138 мың ш.м. буферлік аймақ және барлығы 432 мың бас ауыл шаруашылығы жануарлары залалсыздандырылды.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары 2022 жылға бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп, бірдейлендірудің деректер қорына енгізілді.
Жыл қорытындысымен облыс бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында (АШЖБ) барлығы 4 млн.бас ауыл шаруашылығы жануарлары, оның ішінде 461 мың бас ірі қара, 3,3млн. бас ұсақ мал, 9мың бас шошқа, 171мың бас жылқы, 7мың бас түйе малы тіркелген. Мал басы2021 жылмен салыстырғанда 2,5 пайызға өскен.
Сонымен қоса, қала және аудандарда иесіз қаңғыбас жануарларды (ит-мысық) аулайтын 12 бригада ұйымдастырылып, 19 952 бас ит, 410 бас мысықҚазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының талаптарына сай ауланды.
Индикатор бойынша:
2022 жылғы жоспар бойынша 1 ветстанция,17 ветпункт қызметтік ғимараттармен қамтылды.
Қажеттілігіне қарай 23 биотермиялық шұңқырдың 7-нің(Талас-2, Тараз-1, Меркі-2, Қордай-2) құрылысы жүргізілді.
Қала және аудандарда қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау орындарыәкімдіктер тарапынан жалға алынды. Мойынқұм ауданында құрылыс аяқталды. Жамбыл ауданында құрылыс жалғасуда.
Қалған нысандармен қамту 2023 жылға жоспарланды.
2023 жылға жоспар:
2023 жылы 1,4 млн. бас ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру, аса қауіпті ауруларға қарсы 24,7 млн. манипуляция профилактикалық, 5,7 млн. манипуляция диагностикалық іс-шараларға арналған жоспарлары бекітілді.
КҚГҚ-ның табиғи ошағында орналасқан аудандардың тұрғындарын қорғау жөніндегі 2023 жылға арналған шараларҚаулысы әзірленді.
Облыс тұрғындарын сібір жарасынан қорғау жөніндегі шаралар Қаулысының жобасы дайындалды.
Облыс аумағында эпизоотиялық ахуал тұрақты және күнделікті бақылауда.