Ветеринариялық-санитариялық обьектілерді салу, лицензиялау, ветеринария саласында қызмет көрсететін ветеринарлық дәрігердің саны және жануарларды бірдейлендіру мәселелері жөніндегі №7 вет нысан бойынша

  1. Өндірістік және шаруашылық субьектілерінде жұмыс істейтін және ветеринария саласында қызмет көрсететін ветеринариялық дәрігердің саны туралы есебі -субъектердің саны 64 451, барлық ветеринариялық дәрігерлердің жалпы саны 911, оның ішінде, коммуналдық қазыналық кәсіпорындар саны – 11, қызмет көрсететін ветеринариялық дәрігерлердің саны – 796, шаруашылық қожалықтар саны 7 120, мал дәрігерлердің саны – 34, лицензия алған қызмет атқаратын жеке және заңды тұлғалар саны – 3, оларда жұмыс істейтін мамандар саны 5, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар саны – 37, мал дәрігерлердің саны – 9, ветеринариялық мақсаттағы дәрігерлік заттарды, биологиялық препараттарды сату жөніндегі ұйымдар саны – 57, мал дәрігерлердің саны – 68, үй шаруашылықтар саны – 57 226, мал дәрігерлердің саны – 4.
  2. Мал қорымдарын салу үшін жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының болуы және көлемі туралы есебі – облыс бойынша барлығы 39 бір типтік өлекселер тастайтын биотермиялық шұңқырлар бар. Жергілікті бюджет есебінен 3 мал қорымдарын салуға 55 834 744 теңге қаржы бөлінді.
  3. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы есебі – 2022 жылдың басынан бері 183560 бас мүйізді ірі қара, 1389305 бас ұсақ мал, 38438 бас жылқы, 1651 бас түйе, 4622 бас шошқа бірдейлендіріліп ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасына енгізілген.
  4. Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған сырғалар саны туралы есебі –

келіп түскен және жұмсалған сырғалар саны: мүйізді ірі қараға жұмсалғаны – 183560 дана, қалғаны – 295130 дана. Уақ малдарға  жұмсалғаны – 1389305  дана, қалғаны – 2729540 дана. Түйелерге жұмсалғаны – 1651 дана, қалғаны – 2879 дана. Шошқаға жұмсалғаны – 4622 дана, қалғаны – 88927 дана.

Ветеринариялық-санитариялық обьектілерді салу, лицензиялау, ветеринария саласында қызмет көрсететін ветеринарлық дәрігердің саны және жануарларды бірдейлендіру мәселелері жөніндегі №7 вет нысан бойынша
Дата публикации
16 января 2023