Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асырылуы туралы есебіне түсіндірме жазбасы

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асырылуы туралы есебіне түсіндірме жазбасы

 

2022 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы бойынша 3251071,0 мың теңге сомасында жоспарланған қаражаттардың, 3251028,4 мың теңгесі игеріліп, жылдық жоспар 100 %-ға орындалды.

719001015-«Жергілікті деңгейде ветеринария  саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі  қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2022 жылға 156202,0  мың теңге жоспарланған. Есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы 156176,4  мың теңгені немесе 100% құрады. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарынан міндеттемелердің ауытқуы 25,6 мың теңге - касса шығындарынан қалған қалдық. Бұл бағдарламада мемлекеттік мекеменің 23 штаттық бірлігін ұстауға, еңбекке ақы төлеу, өтемақы төлемдері, әлеуметтік салық, байланыс қызметтеріне ақы төлеу және қажетті кеңсе заттарын сатып алу, мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын 16 қызметкерлерді ұстау, мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру т.б шығындар қамтылған. Кредиторлық берешектер қалыптасқан жоқ.

         719003015-«Мемлекеттік органның күрделі шығындары» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2022 жылға 408,0 мың теңге жоспарланған. Есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы 393,5 мың теңге, 14,5 мың теңге мемлекеттік сатып алу порталы бойынша үнемделген қаражат. Материалдық-техникалық құралдар (мемлекеттік органдар қызметіне активтер сатып алу) толығымен сатып алынды. Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері толық орындалды.

         719008015  «Мал көмінділерінің (биотермиялық шұңқырлардың) жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2022 жылға 30668,0 мың теңге жоспарланған. Есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы 30668,0 мың теңгені немесе 100% құрады. Тараз қаласы мен аудандар бойынша мал көмінділерінің (сібір жарасы ошақтары 189 орын және  40 биотермиялық шұңқырларды күтіп ұстауға жұмсалынды. Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері толық орындалды.

719009015 Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру бағдарламасы бойынша 8440,0 мың теңге жоспарланған, 8439,6 мың теңгесі игеріліп, 0,4 мың теңгесі үнемделді. Тараз қаласы мен аудандар бойынша 351 аула, 80276  шаршы метр дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері толық орындалды.

         719010015  «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2022 жылға 35000,0 мың теңге жоспарланған. Есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы 34999,6 мың теңгені немесе 100% құрады. 0,4 мың теңгесі үнемделді. Тараз қаласы мен аудандар бойынша  20362 қаңғыбас иттер мен мысықтар ауланып, жойылды. Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері толық орындалды.

719011015 «Алып қойылатын және жойылатын, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу» бағдарламасы бойынша 6059,0 мың теңге жоспарланған, 6059,0  мың теңгені немесе 100% құрады. Тараз қаласы мен аудандар бойынша  мүйізді ірі қара малына 6 басқа 593896 теңге, қой-ешкі малдарына 332 басқа 5465104 теңге төленді. Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері толық орындалды.

719012015 «Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу» бағдарламасы бойынша 98687,0 мың теңге жоспарланған, 98686,6  мың теңгені немесе 100% құрады. Тараз қаласы мен аудандар бойынша  1) мүйізді ірі қараға тейлериоз 352189 басқа, 2)  сақау жылқы малына 5000 басқа,  3) ұсақ малдарға 710000 басқа вакцина егілді.  Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері толық орындалды.

719013015 Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу бағдарламасы бойынша 18207,0 мың теңге жоспарланған, 18206,5 мың теңгесі игеріліп, 0,5 мың теңгесі үнемделді, немесе 100% құрады. Тараз қаласы мен аудандар бойынша және 160 елді мекендердегі ауыл шаруашылығы малдарына 173 нүктеге компьютерлік базаға  енгізілді. Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері толық орындалды.

719014  «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу» бағдарламасы бойынша 2641192 мың теңге жоспарланған, 2 641 192  мың теңгені немесе 100% құрады. Тараз қаласы мен аудандар бойынша ауыл шаруашылығы малдарына профилактикалық, диогностикалық алдын алу іс-шаралар жүргізілді . Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері толық орындалды.

         719028015-«Уақытша сақтау пунктына ветеринариялық препараттарды тасымалдау бойынша қызмет көрсету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2022 жылға 2600 мың теңге жоспарланған. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы сатып алу нәтижесінде тауар жеткізуші 2600,0 мың теңге сомасымен жеңімпаз атанып, келісім шарт жасалды. Есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы 2600 мың теңгені немесе 100% құрады. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық 21943005  дозадағы препараттарды Тараз қаласы және аудандардың уақытша сақтау орындарына дейін жеткізу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді. Түпкілікті нәтиже көрсеткіші толық орындалды.

719030015-«Жануарлардың энзоотикалық ауруларының профилактикасы мен   диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диогностикасы жөніндегі қызметтерді орталықтандырып сатып алу, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2022 жылға 179730 мың теңге жоспарланған. Есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы 179730 мың теңгені немесе 100% құрады. Жамбыл облысы әкімдігінің «Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы» 2016 жылғы 31 наурыздағы № 95 қаулысымен бекітілген тізбесіне сәйкес вакциналарды уақытылы сатып алынып, Тараз қаласы және аудандардың уақытша сақтау орындарына дейін тасымалдауды және энзоотияға қарсы іс-шаралары 100% орындалып, түпкілікті нәтиже көрсеткіші толық орындалды. Бюджеттік бағдарлама бойынша қаражат толығымен игерілді.

719113015- «Жергілікті бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2022 жылға 73878,0 мың теңге жоспарланған. Есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы 73877,1 мың теңгені немесе 100% құрады. Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылдың 11 ақпандағы «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында қоныстанған Сарысу, Талас, Мойынқұм, Жамбыл, Байзақ, Шу аудандары тұрғындарын қорғау жөніндегі 2022 жылға арналған бірінші кезектегі шаралар туралы» №28 қаулысына сәйкес бекітілген кешенді жоспардың 23, 24 тармақтарын орындау үшін, яғни - тұрғындарды кенесі көбейген учаскелер туралы ақпараттандыруды және малдарын ол жерлерден тысқары жерге шығаруына ықпал етуге, улы химикаттармен жұмыс істеудің қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқаулықтар өткізуді және ветеринариялық мамандардың бақылауымен тұрғындарды қатыстыра отырып, малдар мен мал қораларын кенеге қарсы химиялық улармен дәрілеуге, -Сарысу, Талас, Мойынқұм, Жамбыл, Байзақ  аудандары мен Тараз қаласының ауыл шаруашылық малдарын арнайы тоғытпалардан дәрілеуден өткізуге, жергілікті тұрғындардың  (қырықтықшылардың) қауіпсіздігін  қамтамасыз ету мақсатында  оларға малды қырқуды  кенеге қарсы дәрілеу жұмыстары өткен соң жүргізу қажет екендігін  түсіндіру жұмыстарын өткізуге, Көктемгі және күзгі маусымдарда қатты кенеленген елді мекендер мен КҚГҚ індеттенген адамдардың тұрғылықты жерлеріндегі ошақтарды кенеге қарсы дәрілеу жұмыстарына қаражатты аудандық бюджеттеріне аударылды. Түпкілікті нәтиже көрсеткіші толық орындалды. Бюджеттік бағдарлама бойынша қаражат толығымен игерілді.

Жоспарланған іс-шаралар толық орындалды. Жоспарланған нәтиже көрсеткіштеріне толық қол жеткізілді. Бюджет тәртібінің жағдайы бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектер қалыптасқан жоқ.

 

 

Бас есепші                                                                   С.Дутбаева

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асырылуы туралы есебіне түсіндірме жазбасы
Дата публикации
16 января 2023