Мемлекеттік тапсырыс бойынша алынған биопрепараттардың бар болуы және жұмсалуы туралы №3вет нысан бойынша
- Жамбыл облысы бойынша 2022 жылдың 9 айдағы ветеринариялық препараттардың қозғалысы –2022 жылға бекітілген жоспар бойынша 09 айда жоспарланған егу жұмыстарына қажетті вакцинакеліп түскен көлеміне қарай жаратылды.
Жануарлардың аурулары туралы №5 вет нысан бойынша
- Жануарлардың жұқпалы аурулары -диагностикалық іс-шаралар нәтижесінде бруцеллезге 71 бас МІҚ,337 бас қой-ешкі, 5 бас етқоректі оң нәтиже көрсетті.
- Жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қосымша мәліметтер –құрыту ауруына 2, энтеротоксемияға 3, қарасанға 1, сібір жарасына 2, пастереллезге 1, бруцеллез ауруына 6қолайсыз ошақтар тіркелген.Тіркелген 15 ошақта қажетті ветеринариялық шаралар жүргізіліп, кезең кезеңімен шектеу шаралары алынуда.
- Жануарлардың жұқпалы емес аурулары бойынша –Жамбыл облысында жұқпалы емес аурулармен ауырған1834 бас жануарларға қажетті ветеринариялық емдеу шаралар жүргізілді. Олардың ішінде 10 бас лажсыз сойылған.
- Жануарлардың инвазиялық аурулары –2022 жыл басынантүрлі инвазиялық аурулардан 11610 бас жануарлар емделді.Олардың ішінде 14 бас лажсыз сойылған, 4 бас өлімге ұшыраған.
- Республикалық бюджет қаражаты есебінен диагностикалық зерттеулер –жануарлардың 25 түрлі ауруларына диагностикалық зерттеулербойынша 489996 бас МІҚ, 2946187 бас қой-ешкі, 11993 жылқы,1892 шошқа, 5104түйе,4849 етқоректі бруцеллезге, 6489 МІҚ, 25518 қой-ешкі хламидиозға, 89017 бас аталық қошқар инф.эпидидимитке,4875 МІҚ, 36440 қой-ешкі, 14 шошқа аусылға, 1 009 МІҚ құрылымсыз ақуызға,1 337 бас МІҚ лейкозға, 82 бас МІҚ, 67 бас жылқы, 21 шошқа лептоспирозға, 62 бас жылқы ИНАН-ға, 52 жылқы лимфангоитке, 405 МІҚ паратуберкулезге, 480 МІҚ блютанг, ринотрахеит, диарея, шмаленбергке,1603 құс тұмауы, аллергиялық тәсілмен 544050 бас МІҚ, 7175 түйе, 14560 шошқа туберкулезге, 14450 бас жылқы маңқаға тексерілді. Пастереллезге 28 сынама, сібір жарасына 882 сынама, құтыруға 14 сынама, сальмонелезге 6 сынама, анаэробты энтеротоксемияға 39 сынама, брадзотқа 24 сынама, бруцеллез ПТР-ге 240 сынама, қарасанға 8 сынама және бруцеллез 9 сынама бактериологиялық зерттеуден өтті.
Шектеу қойылған 5 ошақта бруцеллез ауруына 172 бас МІҚ, 1069 бас ұсақ мал, 13 бас жылқы, 3 ит тексеріліп, 1 бас ұсақ мал оң нәтиже көрсетті.
- Басқа көздердің қаражаты есебінен диагностикалық зерттеулер –жануарлар иелерінің есебіненсерологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық және аллергиялық зерттеулер бойынша1207 бас МІҚ, 706 ұсақ мал, 10 бас жылқы тексерілді.
7.Республиканың асыл тұқымды шаруашылықтар желісіндегі жануарлар басының диагностикалық зерттеулері–бүгінгі күнге бруцеллезге 20044 МІҚ, 63095 қой-ешкі, инф.эпидидимитке 718 қошқар, туберкулезге 10800 МІҚ, хламидиозға 1755 МІҚ, 3050 қой-ешкі, кампилобактериозға 200 МІҚ тексерілді.
- Егулер мен емдеу-профилактикалық іс-шаралар – 2022 жылдың 09айына жоспарланған алдын-алу жұмыстары бойынша іс-шаралар бөлінген вакцина көлеміне қарайорындалды.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілген егу мен профилактикалық іс-шаралар (энзоотия) – энзоотиялық тейлериоз ауруына қарсы 352 189 бас МІҚ, сальмонеллезге 295540 қой-ешкі егілді.
9.Ветеринариялық-санитариялық дезинфекциялық жұмыстар –дезинфекциялық жұмыстар бойынша 26235 нысанда барлығы 7428,551 м2 аумақта лажсыз, профилактикалық және дезинсекция жұмыстарыжүргізілді.
Ветеринариялық препараттарды қолдану және жемшөп пен жемшөп қоспаларын пайдалану туралы №6 вет нысан бойынша
- Ветеринариялық препараттарды қолдану және жемшөп пен жемшөп қоспаларын пайдалану туралы есеп–2022 жылдың 9-айында қолданылған препараттардың барлығы реестрде тіркелген, жарамдылық мерзімі сақталынған, РФ, ҚР, Бельгия, Индия, Испания, Египет мемлекеттерінде жасалынған. Қолданылған препараттармен 13444 бас ауыл шаруашылығы малдары емделді.
2.Жемшөп пен жемшөп қоспаларын пайдалану туралы есеп-жем-шөп қоспалары 1,317 кг дәрумен қоспасықолданылды.
Ветеринариялық-санитариялық обьектілерді салу, лицензиялау, ветеринария саласында қызмет көрсететін ветеринарлық дәрігердің саны
және жануарларды бірдейлендіру мәселелері жөніндегі
№7 вет нысан бойынша
- Өндірістік және шаруашылық субьектілерінде жұмыс істейтін және ветеринария саласында қызмет көрсететін ветеринариялық дәрігердің саны туралы есебі -субъектердің саны 64 451, барлық ветеринариялық дәрігерлердің жалпы саны 911, оның ішінде, коммуналдық қазыналық кәсіпорындар саны – 11, қызмет көрсететін ветеринариялық дәрігерлердің саны – 796, шаруашылық қожалықтар саны 7 120, мал дәрігерлердің саны – 34, лицензия алған қызмет атқаратын жеке және заңды тұлғалар саны – 3, оларда жұмыс істейтін мамандар саны 5, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар саны – 37, мал дәрігерлердің саны – 9, ветеринариялық мақсаттағы дәрігерлік заттарды, биологиялық препараттарды сату жөніндегі ұйымдар саны – 57, мал дәрігерлердің саны – 68, үй шаруашылықтар саны – 57 226, мал дәрігерлердің саны – 4.
- Мал қорымдарын салу үшін жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының болуы және көлемі туралы есебі – облыс бойынша барлығы 39 бір типтік өлекселер тастайтын биотермиялық шұңқырлар бар. Жергілікті бюджет есебінен 3 мал қорымдарын салуға 55 834 744 теңге қаржы бөлінді.
- Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы есебі – – 2022 жылдың басынан бері 174462 бас мүйізді ірі қара, 1352933 бас ұсақ мал, 32423 бас жылқы, 1492 бас түйе, 4331 бас шошқа бірдейлендіріліп ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасына енгізілген.
- Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған сырғалар саны туралы есебі –
келіп түскен және жұмсалған сырғалар саны: мүйізді ірі қараға жұмсалғаны – 174462 дана, қалғаны – 53486 дана. Уақ малдарға жұмсалғаны – 1352933 дана, қалғаны – 608422 дана. Түйелерге жұмсалғаны – 1492 дана, қалғаны – 665 дана. Шошқаға жұмсалғаны – 4331 дана, қалғаны – 89218 дана.
Жамбыл облысы әкімдігінің
ветеринария басқармасы
басшысының м.а.Т. Қожабергенов
«Эпизоотияға қарсы
іс-шараларды ұйымдастыру»
бөлімі басшысы С. Боранбаева
«Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіру»
бөлімі басшысының м.а.Л. Тойбеков