Көрсетілген қызметтер бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының 2021 жылғы Аналитикалық анықтамасы

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы (бұдан әрі-басқарма) және Тараз қаласы және аудандардың ветеринариялық станциялар тарапынан 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

1.Ветеринариялық анықтама беру – 83063 берілді.

  1. Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу – 306939 берілді.
  2. Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру – берілген жоқ

1) Есепті мерзімде басқармамемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ішкі бақылау жүргізуге жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес 11 ішкі бақылау іс-шаралар жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде,ведомстволық бағынысты ұйымдарда яғни Тараз қаласы және облыстың10 аудандарының ветеринариялық станциялары қамтылды. Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша 4 ұсыныс әзірленіп, 4 орындалды.   

Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішіндемемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің бұзылудың фактісі анықталған жоқ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің фактісі анықталған жоқ,мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудіңфактісі анықталған жоқ,ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі бар құжаттарды талап етудіңфактісі анықталған жоқ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың фактісі анықталған жоқ.

2) Басқарма тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.

Есепті мерзім ішінде, басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдардадағы қызмет берушілер қызмет көрсетуден бас тарту фактілері орын алмаған.

2021 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алмаған.

30.06.2021ж. «Арай» газетінің №52 басылымында «Ветеринария саласындағы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» регламенттері туралы мақала жарияланды.

         2021 жылы мемлекетік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынанбасқарманың қызметкерлері өтпеген.

Көрсетілген қызметтер бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының 2021 жылғы Аналитикалық анықтамасы
Дата публикации
19 января 2022