Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 1 қыркүйек 2021 ж.

Жолдаудан үзінді: «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

І. Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму

Ветеринария саласын да жетілдіру қажет.

Бұл салада орталық пен өңірлер арасындағы міндеттер мен құзыреттер нақты бөлінуі керек.

Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты.

Бұл, түптеп келгенде, ауылдағы ағайынның әл-ауқатына тікелей әсер етеді.

Ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.  

Сондықтан, осы салада жүйелі жұмыс атқарылуға тиіс.

Атап айтқанда, үдерістерді цифрландыру, мәлімет жинау және оны автоматтандыру, маман даярлау және олардың жалақысын көбейту шаралары.

Үкімет жыл соңына дейін ветеринария жүйесін реформалау жөнінде нақты шаралар қабылдауы керек!.

Дата публикации
02 сентября 2021