Кәсіпорын басшысы лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларына сәйкес кәсіпорын басшысы лауазымына кандидатураларды осы конкурстық іріктеуді жариялайды.

  1. Конкурсты өткізу күні мен орны: Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 83, Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының ғимараты.
  2. Кәсіпорынның атауы, орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны, негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: «Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы Тараз қаласының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, Тараз қаласы, Қойгелді көшесі 83, 080000, 8 (7262) 54-66-20, Кәсіпорын қызметінің мәні тиісті аумақтың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
  3. Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

            Кәсіпорын басшысы лауазымына кандидатураларды іріктеудің негізгі талаптары:

            1) «Мал шаруашылығы» және / немесе «Ветеринария» саласындағы жоғары білімі;

            2) мамандығы бойынша кәсіпорынның бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

            Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

            1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

            2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

            3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

            4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

            5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;

            6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде      № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

            Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) қосымша ақпарат бере алады.

  1. Құжаттарды қабылдаудың басталу күні конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен басталады және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында («AQ JOL», «Знамя труда» газеттері) немесе Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының ресми сайтта www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-veterinaria?lang конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кейін аяқталады.
Дата публикации
02 февраля 2021