Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Эпизоотияға қарсы іс-шаралар

1) Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

2) Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

3) Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды, сібір жарасы індеттері  ошақтарын) салуды,  реконструкциялауды ұйымдастыру, оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

4) Мүдделі тұлғаларға жүргізіліп жатқан ветеринариялық
іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

5) Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;

6) Уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;

7) Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;

8) Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;

9) Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді), жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді» ұйымдастыру;

10) Уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

11) Ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

12) Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;

13) Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту;

14) Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) жинауды ұйымдастыру және жинақтау;

15) Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді. 

Документы
Ақпарат
02 октября 2026
Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы
Жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарының 9-айдың қорытындысы бойынша орындалуы туралы
Жоспар
27 января 2026
Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы
2026 жылға арналған жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспары
Жоспар
27 января 2026
Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы
2026 жылға арналған жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспары
Новости
Полезные материалы
ЖАДНАМА
Ветеринариялық іс-шараларды жүргізу
Эпизоотияға қарсы іс-шаралар
Медиагалерея
1
Отырыс өтті
1
Ветеринарларға арналған екі күндік семинар өтті
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
«Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Жамбыл облысының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдықмемлекеттік кәсіпорыны
Эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бөлімі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Жамбыл облысы әкімідігінің ветеринария басқармасының ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы