Құрметті қызмет алушылар,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2024 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау
мақсатында «Ашык диалог» алаңында онлайн
нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.
Сауалнамға белсенді түрде қатысуларыңызды
сұраймыз.
1 наурыздан бастап облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың өңірлік кадр резервтеріне іріктеу басталады.
🔹Өңірлік кадр резервінің басты мақсаты – әр өңірде талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар, жас басқарушылардың тобын қалыптастыру.
🔹Мемлекет басшысы атап өткендей, «Бізге түрлі салаларда, жауапкершіліктен қорықпайтын, ерекше әрі тиімді шешімдер қабылдай алатын жаңа формациядағы басқару тобы қажет. Дәл осындай адамдар ел қалауындағы нәтижеге қол жеткізуге қабілетті».
🔹Іріктеуге қатысу резервшілерге жергілікті жерлерде жаңаша өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
🔹Іріктеуге жоғары білімі және 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар, 35 жастан аспаған еліміздің азаматтары қатыса алады.
🔹Әрбір өңірлік резерв бойынша нақты салалық бағыттар мен резервшілердің саны өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай және мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтары ескеріле отырып, өңірлік кадр комиссияларымен айқындалатын болады.
🔹Қатысуға өтінімдерді қабылдау биылғы жылдың 1-31 наурызы аралығында onir.pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады.
🔹Білімді, еңбекқор және жасампаз азаматтарды өңірлік кадр резервтеріне іріктеуге қатысуға шақырамыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 20 қаулысына сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы" 2024 жылғы 29 ақпаннан бастап 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) уақытты 1 сағатқа артқа ауыстыруды көздейтін өзгерістер енгізілді.
Ыңғайлылықты қамтамасыз ету және проблемалық мәселелердің техникалық және практикалық тұрғыдан болмауын қамтамасыз ету мақсатында осы ауысуға дайындық тікелей орталық, жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, ұлттық компаниялар мен жеке сектор ұйымдарының, оның ішінде әртүрлі салаларда қызмет көрсететін ұйымдардың бірқатар шараларды қарауын және қабылдауын талап етеді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, осы өзгерістер туралы алдын ала (1 ай ішінде) хабарлай отырып, бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің техникалық мәселелерін уақтылы шешу бойынша барлық мүмкін шараларды қабылдауды сұраймыз.