«Жамбыл облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру ережелеріне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес «Тараз қаласының қауіпсіздік және жол трафигін талдау интеллектуалды жүйесі» мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ жобасы) бойынша әлеуетті жекеше әріптес іске асыруға бастама жасағандығы және ұсынылғаны туралы хабарлайды.
Жобаны іске асыру кезеңі: 2021-2026жж.
МЖӘ объектісін құрудың жалпы кезеңі: 9 ай.
МЖӘ объектісін пайдалану кезеңі: 60 ай
Жобаны іске асыру орны: Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы.
Бюджеттен төленетін болжамды төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары: ҚР "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы"Заңының 9-бабы 2-тармағы: 3) -5) тармақшаға сәйкес;
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындарды өтеу;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша операциялық шығындарды өтеу;
3) мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланғаны үшін жалдау ақысы;
Жобаның техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей тиістілігі: қолданылмайды.
Жобаның құны: ҚҚС-ты қоса алғанда, 5 260 454 406,00 (бес миллиард екі жүз алпыс миллион төрт жүз елу төрт мың төрт жүз алты) теңгеден 00 тиыннан артық емес.
МЖӘ жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрлері:
Әлеуетті жекеше әріптес мыналарды жүзеге асырады және жауапты болады:
МЖӘ объектісін құру аяқталғаннан кейін мемлекеттік әріптестің меншігіне беріледі.
Әлеуетті жекеше әріптес МЖӘ объектісін құру кезінде "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 31-бабына сәйкес ЖҚЕ бұзушылықтарын тіркеуге арналған сертификатталған бақылау-өлшеу аспаптарын, сондай-ақ айрықша құқықтары немесе пайдалану құқықтары жекеше әріптеске тиесілі ЖҚЕ бұзушылықтарын автоматты түрде тіркеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануы тиіс; жекеше әріптеске ие БҚ құқықтарының көрсетілген көлемі жобаны іске асырудың барлық аспектілеріне, оның ішінде мақсаттар, міндеттер, функционал, іске асыру шарттары, іске асыру мерзімдері;
ҚР аумағында іске асырылған Жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды фото, видео тіркеу және жол трафигін талдауды енгізу бойынша МЖӘ-нің кемінде 1 (бір) ұқсас жобасын іске асыруда тәжірибесі болуы тиіс.
МЖӘ объектісінің функционалдық мүмкіндіктері:
ЖҚЕ бұзушылықтарын фотобейнетіркеудің аппараттық-бағдарламалық кешендерінің функциялары:
* автокөлік құралдарының жылдамдығын оптикалық есептеу (бір көлік құралының жылдамдығын үш өлшемге дейін (алдыңғы және артқы жағынан), қозғалыстың орташа жылдамдығын есептеу мүмкіндігімен);
Бейне және фото-бекіту:
Сондай-ақ АБК функционалдық мүмкіндіктеріне мыналар жатады:
тіркелген құқық бұзушылықтар туралы деректерді ҚР Бас прокуратурасының әкімшілік өндірістерінің бірыңғай тізіліміне беру (ЕРАП);
Интеллектуалды жүйелердің негізінде, жол трафигін талдаумен қатар, жүйе көлік құралының жолдағы мінез-құлқына кешенді талдау жүргізуге мүмкіндік береді, соның ішінде;
Бұдан басқа, зияткерлік жүйе қозғалыс жолақтары бойынша жылдамдық режимдерін бөлу және қаладағы ең төменгі эмиссия аймақтарын айқындау жөніндегі шешімді енгізуге мүмкіндік береді.
Жоспарланып отырған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер, хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес баламалы ұсынысты, сондай-ақ "мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м. а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығының 130-тармағына сәйкес, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім ұсыну үшін, олардың шеңберінде әлеуетті жекеше әріптес мынадай жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс:
1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін)және азаматтық әрекет қабілеттілігінің (дара кәсіпкер үшін) болуы;
2) төлем қабілеттілігінің болуы, салықтық берешегінің болмауы;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті жеткілікті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы міндетті;
4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тиіс, оның баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, оның Қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмауға тиіс;
5) соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмауға тиіс.
6) әлеуетті жекеше әріптестің құрылтайшылары, басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілмеуге тиіс;
7) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеуге тиіс;
8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі құнының кемінде жиырма пайызын құрайтын өз қаражатының болуы тиіс.
"Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" КММ осы хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде баламалы ұсыныстарды қабылдайды.
Анықтама үшін: "Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" КММ, мекенжайы: 080001, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78 үй, тел.: 8(7262)43-69-52; e-mail: uptiad@zhambyl.gov.kz.