Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2024 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

         ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) 4 қызмет түрін көрсетеді, барлығы электрондық түрде.

2024 жылдың 12 айында Басқарма 74 мемлекеттік қызмет көрсетті.

         Оның ішінде:

            - Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау – 73 қызмет;

            - Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру – 1 қызмет;

            - Сыртқы жарнаманы, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру – 0 қызмет;

            - Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау – 0 қызмет.

         2023 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 1,6 есе өсті (2023 жылы 47 қызмет көрсетілді).

         2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден
2 дәлелді бас тарту берілді. 

         2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану  фактілері тіркелген жоқ.

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2024 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
Дата публикации
05 февраля 2025