Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында 2023 жыл және 2024 жылдың 5 айына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы АНЫҚТАМА

Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында (бұдан әрі – Басқарма) басқарма басшысының                   2024 жылғы 20 сәуірдегі № 20-ө бұйрығымен төмендегідей бағыттар бойынша, мынадай құрамда: автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Абдуанов Дархан, жолаушылар көлігі бөлімі басшысының міндетін атқарушы Орманов Галымжан және әкімшілік бөлімінің бас маманы-заңгер                                Н. Мергенбаевпен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді:

  1. Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша:

            Басқарманың жолаушылар көлігі және әкімшілік бөлімі, автомобиль жолдары бөлімдері қамтылды.

Аталған бөлімдер Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» № 476 Заңы, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 318 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 302 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы»          № 245 Заңы, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № 286 бұйрығы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2014 жылғы  4 желтоқсандағы  «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі» №540 бұйрығы, және т.б. нұсқаулықтармен, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі»  №414 Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Мемлекеттік қызметі туралы» №416 Заңы, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» № 434-V Заңы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 648 бұйрығы, Қазақстан Республикасы  Президентінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен   бекітілген    Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары), Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» №107 Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы №377-V Азаматтық процестік кодексін, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі негізінде өз қызметін орындауда және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда негізгі заңнамалық актілерді қолданады. 

Аталған заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді зерделеу барысында бөлімнің ұйымдастыру қызметіне қатысты бірқатар мәселелер анықталды.

Бірінші, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес жолаушылар мен багажды тасымалдау қызметін ұйымдастырады.

Аталған қағиданың 81 тармағына сәйкес, жолаушылар мен багажды автомобильмен облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) тұрақты тасымалдау автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органның бастамасы бойынша жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылады.

Қағиданың 82 тармағына сәйкес, жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) тұрақты тасымалдауы көрсетілген жолаушылар мен багажды тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығы конкурсында жеңген және тиісті жергілікті атқарушы органдар мен тасымалдаушылар арасында жасалған шарттар негізінде Куәлік алған тасымалдаушылар жүзеге асырады.

83 тармаққа сәйкес, Куәліктердегі жылжымалы құрам бойынша өзгерістер енгізуге тасымалдаушы өтiнiш бергенде және:

1) ауыстырылатын жылжымалы құрамның класы және шығу жылы ұқсас (немесе одан жоғары);

2) куәліктің негізгі құрамына толықтырылатын жылжымалы құрам негізгі құрам ретінде көрсетілген жылжымалы құрамның класы және шығарылған жылынан төмен емес;

3) куәліктің резервті құрамына толықтырылатын жылжымалы құрам резервті құрам ретінде көрсетілген жылжымалы құрамның класы және шығарылған жылынан төмен емес болып табылған жағдайда осы куәлiктi берген орган рұқсат бередi.

Дегенмен, аталған тармақтар талабы тек қалааралық облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) тұрақты тасымалдауға арналған, ал қалған түрлері (қалалық, ауылдық, қала маңы, ауданішілік, облысішілік қалааралық) реттелмеген.

Өз кезегінде, бұл қалалық, ауылдық, қала маңы, ауданішілік, облысішілік қалааралық түрлері бойынша Куәліктердегі жылжымалы құрам бойынша өзгерістер енгізу мәселесінде түсініспеушіліктер туғызып, олқылықтарға алып келуі мүмкін.

Екінші, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына және Қағидалардың 344-тармағына сәйкес Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметін бастау немесе тоқтату туралы хабарламаны қабылдауды жүзеге асырады.

Сондай-ақ, Заңның 21-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен және ұлттық стандарттармен белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тізіліміне енгізу қызметін ұйымдастырады.

Алайда, көрсетілген Қағидалардың 350 - 352-тармақтарында көрсетілген автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің талаптарына сәйкестігін растайтын хабарламаға қоса берілетін құжаттарды ұсыну нормасы көзделмеген.

Сонымен қатар, іс жүзінде басқарманың жауапты қызметкерлері жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігін растау үшін құжаттарды (әкімдіктің қаулысы, сатып алу – сату немесе жалдау шарты, жерге мемлекеттік акт, техникалық паспорт және т.б.) сұратады және автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің орналасқан жеріне баруды жүзеге асырады.

Осыған байланысты, хабарламада көрсетілген мәліметтердің анықтығын растайтын құжаттарды талап ету жөніндегі нормалардың болмауы, Басқармаға заңнама нормаларында көзделмеген кез келген құжаттарды сұратуға мүмкіндік береді деп пайымдаймыз.

Үшінші, Қағидалардың 146-тармағына сәйкес конкурсқа меншік құқығымен автобустарға, шағын автобустарға иелiк ететін, автомобиль көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бекітілетін Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесіне сәйкес автобустарға, шағын автобустарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеудi қамтамасыз ете алатын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

Жоғарыда көрсетілген норманың талаптарына сәйкестігін белгілеу мақсатында конкурсқа қатысушылардың жергілікті жерге барып тексеруді ұйымдастыру үшін конкурс алдындағы комиссия құрылады.

Сонымен қатар, Қағидаларда тексеру объектісін бейне және фото тіркеу жүргізуді міндеттейтін норма көзделмеген. Яғни, конкурс алдындағы комиссия мүшелері сол жерге барған кезде олардың конкурсқа қатысушылармен сөз байласуына және кейіннен жалған ақпарат беруге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

Осыған байланысты, көрсетілген олқылықтар мен тәуекелдерді реттеу мақсатында уәкілетті орган - Инвестициялар және даму министрлігіне аталған нормаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндіктерін қарастыру бойынша ұсыныстар енгізу дұрыс деп санайды.

Төртінші, «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығының (бұдан әрі – Бұйрық) 10 трармағына сәйкес, Техникалық қадағалау жөніндегі сарапшы:

  • құрылыстың күнтізбелік жоспарын сақтауға және объектілерді пайдалануға берудің нормативтік мерзімдерінің немесе мердігерлік шартта белгіленген мерзімдердің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
  • тұрақты негізде құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын материалдардың, бұйымдардың, конструкциялар мен жабдықтардың сапасын, олардың жобалау құжаттамасына, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарға, техникалық регламенттердің талаптарына, инженерлік ізденістердің нәтижелеріне сәйкестігін, олардың сапасын куәландыратын құжаттардың (техникалық паспорт, сертификат, зертханалық сынау және басқалар) болуын және дұрыс ресімделуін, сондай-ақ кірме бақылаудың құжатталған нәтижелерін тексереді, ақаулар мен бұзушылықтарды уақытында анықтайды, олар туралы тапсырыс беруші мен мердігерге хабарлайды;
  • технологиялық операциялардың құрамы мен орындау сапасының сәйкестігіне бақылау, оның ішінде мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес операциялық бақылау жүргізеді;
  • қабылдау бақылауын жүзеге асырады, мердігер орындаған құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемдерін уақытында тексереді, белгіленген нысандағы актілерді ресімдей отырып, жасырын жұмыстарды куәландыру және жауапты конструкцияларды аралық қабылдау жүргізеді.

Жоғарыда көрсетілген нормаға сәйкес техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар құрылыс объектісінде тұрақты негізде бола отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстарының барлық кезеңдерін (технологиялық процестерін) бақылауды жүзеге асыруға тиіс.

 Алайда, іс жүзінде техникалық қадағалауды жүзеге асыратын бір тұлғаға облыстың әртүрлі аудандарында орналасқан бірнеше құрылыс объектілері бекітіледі.

Яғни, бір адамға бірнеше құрылыс нысандары бекітілгендіктен, физикалық тұрғыда оған күн сайын бір уақытта әр түрлі аудандарда орналасқан екі немесе одан да көп нысандарда болуына мүмкіндік бермейді.

Қалыптасқан мән-жайлар құрылыс-монтаждау жұмыстарына ресми техникалық бақылау жүргізуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және объектіні пайдалануға қабылдауды жүргізу кезінде тиісті құжаттаманы жалған ресімдеуге әкеп соғуы мүмкін деп пайымдаймыз.

Осыған байланысты жоғары тұрған органға келесідей ұсыныс енгізуді дұрыс деп пайымдаймыз, нысандардың бірінің құрылысы аяқталғанға дейін бір мезгілде екі және одан да көп нысандарда техникалық қадағалау жүргізуді техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларға тыйым салу.

Өз кезегінде, сапасыз салынған және жөнделген автомобиль жолдарын пайдалануға қабылдау автомобиль жолдарының сол учаскелерінде бірнеше рет жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты үлкен бюджеттік шығындарға әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар, «Қаржылық және бюджеттік есептілікті жинау және шоғырландыру» кіші жүйесінің «е-Минфин» жүйесінде қалыптастырылады, оның ішінде: облыс бюджетінің атқарылуы туралы есептері  (аудандар мен Тараз қаласының есептері), республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің игерілуі туралы есебі, жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы (аналитикалық) есебі, дебиторлық және кредиторлық берешектері туралы есептері және қаржылық есептіліктер тексеріліп қабылдануда. Сонымен қатар, «1С-Мекеме» бағдарламалық өнімінде барлық бюджеттік бөлімдер автоматтандырылған жүйеде жұмыс атқарып отыр.

Одан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің бағалау жұмыстары жүргізіліп келеді, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне және облыс әкімінің аппаратына кадрлардың жай-күйі туралы есептер «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен жүргізілген.

  1. Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 4 қызмет түрін көрсетеді, барлығы электрондық түрде.

2023 жылдың 12 айында Басқарма 47 мемлекеттік қызмет көрсетті.

         Оның ішінде:

         - Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау – 41 қызмет;

         - Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру – 3 қызмет;

         - Сыртқы жарнаманы, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру – 3 қызмет;

         - Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау – 0 қызмет.

2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден                3 дәлелді бас тарту берілді. 

2024 жылдың 6 айында Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау 31 мемлекеттік қызмет көрсетілген,оның ішінде 2 дәлелді бас тартылған.

Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша және басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған, әділет органдарында тіркелетін нормативтік-құқықтық актілер жобасын әзірлеуде ашықтық және   халықты талқылауға тарту мақсатында жобалар ашық НҚА порталында жарияланып тұрады.    

Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өнітіштерінің есептері прокуратура органдарына тұрақты түрде жолданып тұрады.

Сыбайлас жемқорлық бойынша басқармаға қатысты бұқаралық ақпараттық құралдарында жарияланымдар, басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, прокурорлық қадағалау актілері, сот актілері және тағыда басқа мәліметтер болмаған.

  1. Жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері сәйкес, қорытындылай келе ұсынылады:

1) ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныс хат жолдау;

2) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  туралы» заңының талаптарын қызметкерлерге құқықтық түсіндіру жүргізу жұмыстарын 2023 жылға ұйымдастырып жемқорлыққа қарсы іс-шараларды күшейтуге;

3) Жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілерді, (заңдарды, қаулыларды, бұйрықтарды) қызметкерлер басшылыққа алуды;

4) Мемлекеттік қызметшілер этикасын қатаң сақтауға және мемлекеттік қызметке кері әсерін тигізетін әрекеттердің алдын алуға;

5) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  туралы» заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие адам өзі қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға хабар беру қажеттігі.

 

 

 

Басшы

 

М. Саурықов

Автомобиль жолдары

бөлімі басшысының м.а.

 

 

Д. Абдуанов

Жолаушылар көлігі

бөлімі басшысының м.а.

                         

 

Г. Орманов

 

Әкімшілік бөлімінің

бас маманы-заңгер

 

Н. Мергенбаев

Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында (бұдан әрі – Басқарма) басқарма басшысының 2024 жылғы 20 сәуірдегі № 20-ө бұйрығымен төмендегідей бағыттар бойынша, мынадай құрамда: автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Абдуанов Дархан, жолаушылар көлігі бөлімі басшысының міндетін атқарушы Орманов Галымжан және әкімшілік бөлімінің бас маманы-заңгер Н. Мергенбаевпен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді: 1. Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша: Басқарманың жолаушылар көлігі және әкімшілік бөлімі, автомобиль жолдары бөлімдері қамтылды. Аталған бөлімдер Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» № 476 Заңы, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 318 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 302 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» № 245 Заңы, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № 286 бұйрығы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі» №540 бұйрығы, және т.б. нұсқаулықтармен, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» №414 Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Мемлекеттік қызметі туралы» №416 Заңы, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» № 434-V Заңы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 648 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары), Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» №107 Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы №377-V Азаматтық процестік кодексін, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі негізінде өз қызметін орындауда және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда негізгі заңнамалық актілерді қолданады. Аталған заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді зерделеу барысында бөлімнің ұйымдастыру қызметіне қатысты бірқатар мәселелер анықталды. Бірінші, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес жолаушылар мен багажды тасымалдау қызметін ұйымдастырады. Аталған қағиданың 81 тармағына сәйкес, жолаушылар мен багажды автомобильмен облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) тұрақты тасымалдау автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органның бастамасы бойынша жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылады. Қағиданың 82 тармағына сәйкес, жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) тұрақты тасымалдауы көрсетілген жолаушылар мен багажды тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығы конкурсында жеңген және тиісті жергілікті атқарушы органдар мен тасымалдаушылар арасында жасалған шарттар негізінде Куәлік алған тасымалдаушылар жүзеге асырады. 83 тармаққа сәйкес, Куәліктердегі жылжымалы құрам бойынша өзгерістер енгізуге тасымалдаушы өтiнiш бергенде және: 1) ауыстырылатын жылжымалы құрамның класы және шығу жылы ұқсас (немесе одан жоғары); 2) куәліктің негізгі құрамына толықтырылатын жылжымалы құрам негізгі құрам ретінде көрсетілген жылжымалы құрамның класы және шығарылған жылынан төмен емес; 3) куәліктің резервті құрамына толықтырылатын жылжымалы құрам резервті құрам ретінде көрсетілген жылжымалы құрамның класы және шығарылған жылынан төмен емес болып табылған жағдайда осы куәлiктi берген орган рұқсат бередi. Дегенмен, аталған тармақтар талабы тек қалааралық облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) тұрақты тасымалдауға арналған, ал қалған түрлері (қалалық, ауылдық, қала маңы, ауданішілік, облысішілік қалааралық) реттелмеген. Өз кезегінде, бұл қалалық, ауылдық, қала маңы, ауданішілік, облысішілік қалааралық түрлері бойынша Куәліктердегі жылжымалы құрам бойынша өзгерістер енгізу мәселесінде түсініспеушіліктер туғызып, олқылықтарға алып келуі мүмкін. Екінші, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына және Қағидалардың 344-тармағына сәйкес Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметін бастау немесе тоқтату туралы хабарламаны қабылдауды жүзеге асырады. Сондай-ақ, Заңның 21-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен және ұлттық стандарттармен белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тізіліміне енгізу қызметін ұйымдастырады. Алайда, көрсетілген Қағидалардың 350 - 352-тармақтарында көрсетілген автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің талаптарына сәйкестігін растайтын хабарламаға қоса берілетін құжаттарды ұсыну нормасы көзделмеген. Сонымен қатар, іс жүзінде басқарманың жауапты қызметкерлері жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігін растау үшін құжаттарды (әкімдіктің қаулысы, сатып алу – сату немесе жалдау шарты, жерге мемлекеттік акт, техникалық паспорт және т.б.) сұратады және автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің орналасқан жеріне баруды жүзеге асырады. Осыған байланысты, хабарламада көрсетілген мәліметтердің анықтығын растайтын құжаттарды талап ету жөніндегі нормалардың болмауы, Басқармаға заңнама нормаларында көзделмеген кез келген құжаттарды сұратуға мүмкіндік береді деп пайымдаймыз. Үшінші, Қағидалардың 146-тармағына сәйкес конкурсқа меншік құқығымен автобустарға, шағын автобустарға иелiк ететін, автомобиль көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бекітілетін Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесіне сәйкес автобустарға, шағын автобустарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеудi қамтамасыз ете алатын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Жоғарыда көрсетілген норманың талаптарына сәйкестігін белгілеу мақсатында конкурсқа қатысушылардың жергілікті жерге барып тексеруді ұйымдастыру үшін конкурс алдындағы комиссия құрылады. Сонымен қатар, Қағидаларда тексеру объектісін бейне және фото тіркеу жүргізуді міндеттейтін норма көзделмеген. Яғни, конкурс алдындағы комиссия мүшелері сол жерге барған кезде олардың конкурсқа қатысушылармен сөз байласуына және кейіннен жалған ақпарат беруге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін. Осыған байланысты, көрсетілген олқылықтар мен тәуекелдерді реттеу мақсатында уәкілетті орган - Инвестициялар және даму министрлігіне аталған нормаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндіктерін қарастыру бойынша ұсыныстар енгізу дұрыс деп санайды. Төртінші, «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығының (бұдан әрі – Бұйрық) 10 трармағына сәйкес, Техникалық қадағалау жөніндегі сарапшы: - құрылыстың күнтізбелік жоспарын сақтауға және объектілерді пайдалануға берудің нормативтік мерзімдерінің немесе мердігерлік шартта белгіленген мерзімдердің сақталуына бақылауды жүзеге асырады; - тұрақты негізде құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын материалдардың, бұйымдардың, конструкциялар мен жабдықтардың сапасын, олардың жобалау құжаттамасына, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарға, техникалық регламенттердің талаптарына, инженерлік ізденістердің нәтижелеріне сәйкестігін, олардың сапасын куәландыратын құжаттардың (техникалық паспорт, сертификат, зертханалық сынау және басқалар) болуын және дұрыс ресімделуін, сондай-ақ кірме бақылаудың құжатталған нәтижелерін тексереді, ақаулар мен бұзушылықтарды уақытында анықтайды, олар туралы тапсырыс беруші мен мердігерге хабарлайды; - технологиялық операциялардың құрамы мен орындау сапасының сәйкестігіне бақылау, оның ішінде мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес операциялық бақылау жүргізеді; - қабылдау бақылауын жүзеге асырады, мердігер орындаған құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемдерін уақытында тексереді, белгіленген нысандағы актілерді ресімдей отырып, жасырын жұмыстарды куәландыру және жауапты конструкцияларды аралық қабылдау жүргізеді. Жоғарыда көрсетілген нормаға сәйкес техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар құрылыс объектісінде тұрақты негізде бола отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстарының барлық кезеңдерін (технологиялық процестерін) бақылауды жүзеге асыруға тиіс. Алайда, іс жүзінде техникалық қадағалауды жүзеге асыратын бір тұлғаға облыстың әртүрлі аудандарында орналасқан бірнеше құрылыс объектілері бекітіледі. Яғни, бір адамға бірнеше құрылыс нысандары бекітілгендіктен, физикалық тұрғыда оған күн сайын бір уақытта әр түрлі аудандарда орналасқан екі немесе одан да көп нысандарда болуына мүмкіндік бермейді. Қалыптасқан мән-жайлар құрылыс-монтаждау жұмыстарына ресми техникалық бақылау жүргізуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және объектіні пайдалануға қабылдауды жүргізу кезінде тиісті құжаттаманы жалған ресімдеуге әкеп соғуы мүмкін деп пайымдаймыз. Осыған байланысты жоғары тұрған органға келесідей ұсыныс енгізуді дұрыс деп пайымдаймыз, нысандардың бірінің құрылысы аяқталғанға дейін бір мезгілде екі және одан да көп нысандарда техникалық қадағалау жүргізуді техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларға тыйым салу. Өз кезегінде, сапасыз салынған және жөнделген автомобиль жолдарын пайдалануға қабылдау автомобиль жолдарының сол учаскелерінде бірнеше рет жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты үлкен бюджеттік шығындарға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, «Қаржылық және бюджеттік есептілікті жинау және шоғырландыру» кіші жүйесінің «е-Минфин» жүйесінде қалыптастырылады, оның ішінде: облыс бюджетінің атқарылуы туралы есептері (аудандар мен Тараз қаласының есептері), республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің игерілуі туралы есебі, жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы (аналитикалық) есебі, дебиторлық және кредиторлық берешектері туралы есептері және қаржылық есептіліктер тексеріліп қабылдануда. Сонымен қатар, «1С-Мекеме» бағдарламалық өнімінде барлық бюджеттік бөлімдер автоматтандырылған жүйеде жұмыс атқарып отыр. Одан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің бағалау жұмыстары жүргізіліп келеді, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне және облыс әкімінің аппаратына кадрлардың жай-күйі туралы есептер «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен жүргізілген. 2. Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 4 қызмет түрін көрсетеді, барлығы электрондық түрде. 2023 жылдың 12 айында Басқарма 47 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде: - Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау – 41 қызмет; - Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру – 3 қызмет; - Сыртқы жарнаманы, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру – 3 қызмет; - Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау – 0 қызмет. 2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден 3 дәлелді бас тарту берілді. 2024 жылдың 6 айында Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау 31 мемлекеттік қызмет көрсетілген,оның ішінде 2 дәлелді бас тартылған. Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша және басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған, әділет органдарында тіркелетін нормативтік-құқықтық актілер жобасын әзірлеуде ашықтық және халықты талқылауға тарту мақсатында жобалар ашық НҚА порталында жарияланып тұрады. Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өнітіштерінің есептері прокуратура органдарына тұрақты түрде жолданып тұрады. Сыбайлас жемқорлық бойынша басқармаға қатысты бұқаралық ақпараттық құралдарында жарияланымдар, басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, прокурорлық қадағалау актілері, сот актілері және тағыда басқа мәліметтер болмаған. 3. Жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері сәйкес, қорытындылай келе ұсынылады: 1) ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныс хат жолдау; 2) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының талаптарын қызметкерлерге құқықтық түсіндіру жүргізу жұмыстарын 2023 жылға ұйымдастырып жемқорлыққа қарсы іс-шараларды күшейтуге; 3) Жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілерді, (заңдарды, қаулыларды, бұйрықтарды) қызметкерлер басшылыққа алуды; 4) Мемлекеттік қызметшілер этикасын қатаң сақтауға және мемлекеттік қызметке кері әсерін тигізетін әрекеттердің алдын алуға; 5) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие адам өзі қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға хабар беру қажеттігі. Басшы М. Саурықов Автомобиль жолдары бөлімі басшысының м.а. Д. Абдуанов Жолаушылар көлігі бөлімі басшысының м.а. Г. Орманов Әкімшілік бөлімінің бас маманы-заңгер Н. Мергенбаев
Дата публикации
28 июня 2024