Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2023 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2023 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

 

         ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) 4 қызмет түрін көрсетеді, барлығы электрондық түрде.

2023 жылдың 12 айында Басқарма 47 мемлекеттік қызмет көрсетті.

         Оның ішінде:

            - Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау – 41 қызмет;

            - Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру – 3 қызмет;

            - Сыртқы жарнаманы, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру – 3 қызмет;

            - Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау – 0 қызмет.

         2022 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 2 есе өсті (2022 жылы 27 қызмет көрсетілді).

         2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден
3 дәлелді бас тарту берілді. 

         2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың  фактілері тіркелген жоқ.

         2023 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан Басқарманың 1 қызметкер өтті.

         Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2023 жылы 3130 халықты қамтылған 1 іс-шара ұйымдастырылды (облыстық газетке мақала)

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2023 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
Дата публикации
29 мая 2024