Тасымалдаушылар ұсынған есептердің дұрыстығын анықтау және субсидиялауға тиісті әлеуметтік мәні бар қатынастар тізбесіне ұсыныстар қалыптастыру үшін тарифтік комиссияның отырысының хаттамасы

Тасымалдаушылар ұсынған есептердің дұрыстығын анықтау және субсидиялауға тиісті әлеуметтік мәні бар қатынастар тізбесіне ұсыныстар қалыптастыру үшін тарифтік комиссияның отырысының № 1 ХАТТАМАСЫ Тараз қаласы 10.04.2024 жыл Тарифтік комиссия: Қ. Мәдібек – комиссия төрағасы. М. Саурықов, Ж. Бастаубаева, Е. Атымтаев, Д. Ильичев және Е. Ордабаев (оқуда) – комиссия мүшелері. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының № 883 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12353 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасының (бұдан әрі – Қағида) 2-бабы 7-тармағына сәйкес комиссия отырысына 8 (сегіз) тасымалдаушы мекеме «Сырым Транс Ком» ЖШС, «ЖанКомТранс» ЖШС, «№ 2 Тараз автобус паркі» ЖШС, «ТаразТрансПасс» ЖШС, «Айнұр Жеті Нұр» ЖШС, «Концерн-КазСтройCity» ЖШС, «Нұра Трансс Сервис» ЖШС және жеке кәсіпкер «П.Рысымбетов» Әдістемелік есептемелерін ұсынды. Оның ішінде, қолданыстағы әлеуметтік маңызы бар 6 (алты) бағыт (Тараз-Шығанақ, Шу-Мойынқұм-Ақбақай, Жаңатас-Тараз, Тараз-Жаңатас /Тамды арқылы/, Досбол а. /Сарысу ауданы/-Тараз, Жайылма а. /Сарысу ауданы/-Тараз) және жаңадан әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесіне ұсынылып жатқан 5 (бес) бағыт (Тараз -Қордай, Ойық а. /Талас ауданы/ - Тараз, Аққұм а. (Талас ауданы) - Тараз, Мойынқұм а. - Тараз, Мойынқұм а. - Шу қ.). Осы орайда, комиссия Қағиданың 2-бабы 9-тармағына сәйкес тасымалдаушы мекемелердің ұсынған есептерінің дұрыстығын растай отырып, субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесіне төмендегі маршруттарды енгізуді ұсынады: 1. Ауданаралық «Ойық а. - Аққұм а. (Талас ауданы) – Тараз қ.» бағыты; 2. Ауданаралық «Мойынқұм а. - Тараз қ.» бағыты; Жоғарыда аталған бағыттар қамтитын елді мекендер тұрғындарына қолайлы орта жасау мақсатында, «Тараз - Шығанақ» бағытының тарифі 500 теңге, «Шу - Мойынқұм - Ақбақай» бағытының тарифі 500 теңге, «Тараз - Жаңатас (Тамды арқылы)» бағытының тарифі 500 теңге, «Досбол а. (Сарысу ауданы) - Тараз» бағытының тарифі 300 теңге, «Жайылма а. (Сарысу ауданы) - Тараз» бағытының тарифі 500 теңге, «Жаңатас-Тараз» бағытының тарифі 600 теңге, «Ойық а. - Аққұм а. (Талас ауданы) - Тараз» бағытының тарифі 500 теңге, және «Мойынқұм а. - Тараз» бағытының тарифі 1000 теңге түрінде бекітуді ұсынады. Сонымен қатар, облыстық бюджетті тиімді жоспарлау мақсатында сызбалары 80 % қайталанатын «Ойық а. (Талас ауданы) - Тараз қ.» және «Аққұм а. (Талас ауданы) - Тараз қ.» маршруттарын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы қағидасының 54-тармағы 2) тармақшасына (маршруттың жүру жолындағы барлық жақын жатқан елді мекендерді қамтудың барынша мүмкіндігін қарастыру) сәйкес біріктіріп, үлкен сиымдылығы автобуспен қатынайтын ауданаралық «Ойық а. - Аққұм а. (Талас ауданы) - Тараз қ.» бағыты бекітуды ұсынады. Сондай-ақ, қолданыста ауданаралық «Шу-Мойынқұм-Ақбақай» әлеуметтік маңызы бар маршрут қызмет көрсетуіне байланысты, «Нұра Трансс Сервис» ЖШС ұсынған «Мойынқұм-Шу қ.» маршрут әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесіне енгізілмейтіндігі туралы шешім қабылданды. «Тараз-Қордай» бағыты аудан халқына әлеуметтік жағдайы мен маршрутқа қажетті субсидия көлемінің бюджетке ауыртпалығын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар маршруттар тізіліміне қосу мәселесі қолдау таппады. Комиссия төрағасы _________________ Қ. Мәдібек Комиссия мүшелері _________________ М. Саурықов _________________ Ж. Бастаубаева _________________ Е. Атымтаев _________________ Д. Ильичев
Дата публикации
12 апреля 2024