Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында 2023 жылдың қорытындысымен мемлекеттік көрсетілген қызметтердің талдау анықтамасы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен (ары қарай – Басқарма) бекітілген тізілімге сәйкес 4 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
1. Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау;
2. Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру;
3. Сыртқы жарнаманы, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру;
4. Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау.
2023 жылы Басқарма 8 қызмет алушыға (заңды тұлға) 47 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде 3 (үш) дәлелді бас тартылған (жарнама орналастыру)
Жоғарыда аталған мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары, электронды түрде, elicense.kz порталы арқылы жүзеге асады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан 1 басқарманың бас маманы өтті.

Дата публикации
27 марта 2024