2021 жылдың ІІІ тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жалпы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 4 түрі  бойынша қызмет көрсетеді және 2021 жылдың  ІІІ тоқсанында көрсетеліген мемлекеттік қызметтер тізімі:

  1. Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру (электронды және қағаз түрінде) - 0.
  2. Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру бойынша - 2 қызмет көрсетілді (электронды);
  3. Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау– 6 мемлекеттік қызмет (қағаз түрінде);
  4. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу (электронды) – 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Дата публикации
14 октября 2021