Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы көрсететін мемлекеттік қызметтер

Басқарма бүгінгі таңда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 4 түрі бойынша қызмет көрсетеді. Олар:

  1. Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштерді қабылдау:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

       Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде жүргізіледі.

  • өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру - емтиханды сәтті тапсырған кезден бастап-3 (үш) жұмыс күні;
  • өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап - 2 (екі) жұмыс күні;
  • бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап - 3 (үш) жұмыс күні;

 

  1. Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру.

       Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) және www.egov.kz, www.elіcense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы өтінім жібере алады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін 3 (үш) жұмыс күнін, лицензияның телнұсқалары үшін 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

 

  1. Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті мемлекеттік корпорация және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы алуға мүмкіндіктеріңіз бар.  Аталған қызмет 5 жұмыс күні ішінде және тегін көрсетіледі. 

 

  1. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. Құжаттарды қарау мерзімі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

Дата публикации
15 июля 2021