Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2025 жылы көрсеткен мемлекеттік қызметтері бойынша есеп
Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен (бұдан әрі - Басқарма) Тізілімге сәйкес 4 мемлекеттік қызметтің түрі көрсетіледі. 1. Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру (электронды және қағаз түрінде); 2. Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру (электронды түрде); 3. Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау (электронды/қағаз түрінде); 4. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу (электронды түрде). 2025 жылдың 12 айында Басқармамен барлығы 92 мемлекеттік қызметтер көрсетілген, барлығы электронды түрде. Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау – 91, жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру – 1. Есепті мерзімде Басқарма тарапынан қызмет көрсетуден бас тарту орын алған жоқ. 2025 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген. Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер болған жоқ.Дата публикации
22 сентября 2026