
2024 жылы өңірлік жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді-мекен көшелерін жөндеуге жалпы 26,8 млрд.тг. бөлінді. Бөлінген қаражат есебінен 16,5 шақырым көше жолдары мен 1 көпірді құрылыспен, 3,0 шақырым жолды қайта жаңғыртумен және 690,4 шақырым жолдарды орта жөндеумен қамтылды.
Оның ішінде:
95,9 шқ – облыстық маңызы бар автожолдар;
88,1 шқ – аудандық маңызы бар жолдар;
506,4 шқ – елді мекен көшелері.
Барлығы 355 жол жөндеу жобалары іске асырылып, 709,9 шақырым жол құрылыс, қайта жаңғырту, орта жөндеулермен қамтылды.
Жол жөндеу жобалары келесі бағдарламалар аясында іске асырылды:
- «ҚР көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы» аясында – облыстық және аудандық мәні бар жолдар бойынша 34 жоба немесе 184 шқ.
- «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен – 170 жоба немесе 203,0 шқ.
- «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен – 5 жоба немесе 18,3 шқ.
- «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасымен – 3 жоба немесе 1,2 шқ.
- Жергілікті бюджеттерден – 143 жоба немесе 303,4 шқ.
Бөлінген қаржылар ішінде жалпы 2,3 млрд.теңге, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерін ағымды жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстары жүргізілді.
Жыл қорытындысымен «Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі» индикаторлық көрсеткіші 99% (жақсы-65%; қанағаттанарлық-34%), елді мекен көшелері бойынша бұл көрсеткіш 87% (жақсы-67%; қанағаттанарлық-20%) жеткізілді.
Жол жөндеу жұмыстарының сапасына келетін болсақ, бұл бағытта бөлінген 195,8 млн.теңгеге «Жол активтерінің Сапа орталығы»-мен бірлесіп тұрақты жерге шығып зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Автожолдардың мерзімінен бұрын бұзылуынан сақтап қалу мақсатында, Көліктік бақылау Инспекциясының аумақтық бөлімі өкілдерімен бірлесіп облыс жолдарында рейдттер ұйымдастырылып, 2024 жылдың 12 айында жылжымалы көліктік бақылау посттарында 1840 әкімшілік хаттамалар толтырылып, 96,8 млн теңгеге айыппұл салынды.
Дегенмен, облыста Көліктік бақылау инспекциясында жылжымалы бекеттер жетіспеуіне байланысты, автожолдарда ағымдағы жылы 2 автоматты өлшеу жүйелерін орнату үшін 2025 жылы облыстық бюджетті қалыптастыруға бюджеттік өтінім беріліп, 330 млн.тг. қолдау тапқандығын атап өтуге болады.
2025 жылда да бұл жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі таңға жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді-мекен көшелерін жөндеуге, 23,6 млрд бөлінді.
Бөлінген қаражат есебінен 17,7 шақырым көше жолдарын құрылыспен, 8,0 шақырым қайта жаңғыртумен және 391,4 шақырым жолдарды орта жөндеумен қамту жоспарланған.
Оның ішінде:
45,1 шқ – облыстық маңызы бар автожолдар;
83 шқ – аудандық маңызы бар;
263,3 шқ – елді мекен көшелері.
Барлығы 146 жол жөндеу жобалары іске асырылады.
Оның ішінде:
- «Көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы» ұлттық жобасымен – 24 жоба немесе 128,1 шқ.
- «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен – 49 жоба немесе 116,8 шқ.
- «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен – 6 жоба немесе 20,3 шқ. автожол, 1 көпір құрылысы.
- «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасымен – 3 жоба немесе 5,4 шқ.
- Жергілікті бюджеттерден – 64 жоба немесе 146,5 шқ. автожол, 5 көпір құрылысы.
Бөлінген қаржылар ішінде жалпы 3,4 млрд.теңге, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерін ағымды жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстары атқарылатын болады.
Атқарылатын жұмыстардың сапасын тексеру және жол жөндеу жұмыстары барысында пайдаланылатын материалдарға зертханалық сараптама жүргізу мақсатында жергілікті бюджеттен 107,8 млн. теңге бөлінді.
Жыл қорытындысымен «Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі» индикаторлық көрсеткішін 99,5% (жақсы-70%; қанағаттанарлық-29,5%), елді мекен көшелерін бойынша бұл көрсеткішті 89%(жақсы-70%; қанағаттанарлық-19%) жеткізу межеленіп отыр.
Бұдан бөлек, 2025 жыл өңірдің автожол инфрақұрылымын жөндеу, қайта жаңарту және салу жөніндегі ауқымды жобаларды іске асырудағы маңызды кезең.
Атап айтқанда, Тараз қаласының логистикасын жақсарту және шеткі бөлігін жандандыру үшін, ағымдағы жылы «Тараз қаласында темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер өткелі мен жол өтпесі бар Абай даңғылы учаскесін салу» жобасы өз бастауын тапты.
Сонымен қатар, Жуалы ауданы Боранды станциясы ПК 7 (ПЧ-52 Түлкібас) 3 441шқ-да су өткізгіш темірбетон құбыр жанында автокөлік құралдарының өтуіне арналған жасанды құрылыс салу бойынша жобасы жүзеге асырылатын болады.