Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жолаушылар көлігі

Облыс бойынша жалпы 156 автобус маршруттары ұйымдастырылған, оның ішінде 12 маршрут облысаралық, 20 – ауданаралық, 72 – ауданішілік және ауылішілік, 46 – қалалық және 6 қаламаңылық болып табылады.

Бұл бағыттарда 816 бірлік автобуспен (153-облысаралық, 146-ауданаралық, 87 - ауданішілік, 430 – қалалық және қала маңындағы) 38 тасымалдаушы қызмет көрсетеді.

Қалалық бағыттарға жеке меншіктегі 8 тасымалдаушы мекеме 537 бірлік автобуспен қызмет көрсетеді. Облыс бойынша автобустардың орташа пайдалану мерзімі – 9 жылды құраса, Тараз қаласында автобустардың орташа пайдалану мерзімі – 5 жылды құрайды, тозған автобустардың үлесі (7 жылдан жоғары) – 53 бірлік немесе 9,8%.

«Цифрлы Қазақстан» мемілекеттік бағдарламасы аясында Тараз қаласындағы қоғамдық көліктерде электрондық билеттендіру жүйесі  2020 жылдың 28 қыркүйегінен бастап іске қосылды.

Жүйені жергілікті компания «Орталық диспетчерлік қызмет» ЖШС жеке инвестиция есебінен орнатып, бағдарламалық қызмет көрсетуде.

Тараз қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 шілдедегі «Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы» №2107 қаулысына сәйкес, электронды бірыңғай жолақысын төлеу үшін тариф көлемі – 100 теңге, оқушыларға 50 теңге, қолма – қол төлеу тариф көлемі – 130 теңге, оқушыларға 65 теңге көлемінде белгіленеді.

Сонымен қатар, «Tulpar card» мобильді қосымшасы іске қосылды. Мобильді қосымша арқылы сапарлардың тарихын көруге, баланс толықтыруға, қоғамдық көліктерді онлайн көруге, картаны бұғаттауға және жол ақысын төлеуге болады.

Қала аумағында жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған орталық және көлік карталарын сататын 6 сату пункті бар.

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында, теңгерім толтырудың бірнеше жолдары қарастырылады:

       1.Тараз қаласы бойынша орналасқан «Tulpar card» кассаларында;

       2.tulpar card.kz ресми сайты арқылы (банк картасымен);

       3.«Tulpar card» мобильді қосымшасы арқылы;

       4.KaspiBank мобильді қосымшасы арқылы (Kaspi.kz қосымшасы);

       5.Halyk Bank интернет-мобильді банкингі арқылы (HomeBank қосымшасы);

       6.QIWI- Төлем терминалдары арқылы;

       7.QIWI электрондық әмияны арқылы;

       8.KASSA24- төлем терминалдары арқылы;

       9.PLUS24 (KASSA24) электрондық әмианы арқылы;

          «TulparCard» қосымшысының мүмкіндіктері:

-         Көлік картасын байланыстыру;

-         Отбасы мүшелерінің көлік карталарын бекіту және есептен шығару;

-         Сапалар тарихын, билеттерді, толықтыруларды бақылау;

-         QR-Код арқылы жол ақысын төлеу;

-         Автобустың сандық кодымен төлеу;

-         Жол жүру абонементін сатып алу;

-         Көлік картасын қашықтықтан бағыттау;

-         Картадан картаға ақша аудару;

-         Тараз қаласының маршруттарын қарау;

-         Банк картасы арқылы онлайн толықтыру;

-         Жеке кабинет.

Тасымалдау сапасын және қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында 2023 жылы – 73 бірлік, 2024 жылы – 155 бірлік және 2025 жылы 91 бірлік автобус сатып алынса, жоспар бойынша 2026 жылға 50 бірлік жаңа автобус сатып алу жоспарланып отыр.

Облыс әкімінің қолдауымен өзін-өзі ақтамайтын «Шу – Мойынқұм – Ақбақай», «Тараз – Шығанақ», "Тараз-Жаңатас (Тамды арқылы)", "Досбол-Тараз", "Жайылма-Тараз", "Ойық-Аққұм-Тараз", "Мойынқұм-Тараз" және "Жаңатас-Тараз" автобус бағыттары әлеуметтік маңызы бар автобус бағыттары ретінде танылып, бүгінгі таңда облыстық бюджеттен субсидияланады. Бұл бағыттарда жол ақысы 300 теңге мен 1000 теңге аралығын құрайды.

Документы
Есеп
29 мая 2024
Жолаушылар көлігі және әкімшілік бөлімі
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жария талқылаулар өткізу туралы анонс
Есеп
29 мая 2024
Жолаушылар көлігі және әкімшілік бөлімі
Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2023 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
Ақпарат
29 мая 2024
Жолаушылар көлігі және әкімшілік бөлімі
Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізімі
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
4
"Hyundai" автобустарын зерделеу
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Жолаушылар көлігі және әкімшілік бөлімі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы