Теміржол ауылдық округі әкімінің аппараты ММ мәжіліс залында 2024 жылдың 29 ақпанында "Ақсақалдар кеңесінің жиналысы өтті. Жиналысқа Ақсақалдар кеңесінің мүшелері мен мекеме басшылары қатысты. жиналыста Ақсақалдар кеңесінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары қабылданып, 22-наурыз мерекесіне дайындық шаралары туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар Өмірбек Бегендікұлы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған "Ауыл аманаты" бағдарламасы туралы толық ақпарат берді.