
Аймақ тұрғындарын газбен қамту – инфрақұрылым саласының басым бір бөлігі. Мемлекет бүгінде газдандыру жұмысы жүргізілмеген шалғай елді мекендердің өзіне көгілдір отын жеткізіп, халықтың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауды мықтап қолға алды.
Жалпы, көгілдір отынның тұрғындардың тұрмысына тигізер пайдасы мол. Мемлекеттік бағдарламалар негізінде халықты мүмкіндігінше газбен қамту кезек күттірмейтін маңызды мәселе. Бұл жұмыс аймақта да қазіргі таңда жүйелі жүргізіліп келеді.
Атап айтқанда, Тараз қаласы, «Көктем» тұрғын алқабын газбен қамту (3-кезек) жобасы аясында тиянақты тірліктер атқарылып жатыр. Алқаптағы тұрғын үйлерге газ жеткізу мәселесі бойынша бірқатар жұмыстар пысықталды. Күні кеше қала әкімдігінің құрылыс бөлімінің мамандары, мердігер мекеме мен «QAZAQGAZ AIMAQ» қызметкерлері, техникалық қадағалаушы маман – барлығы бірлесіп, алқапты газдандыру жұмысын зерделеді.
Сонымен қатар, тұрғындардың қауіпсіздігі – басты назарда екендігі айтылып, жобаның жоспарға сай атқарылуы қадағаланды.