Қала әкімінің орынбасары ауыл тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады

Қала әкімінің орынбасары ауыл тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады

Бүгін Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекқызы қала аумағына қосылған Жалпақтөбе және Сұлутөр елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті. Сонымен қатар, бөлім басшылары да ауыл халқының сауалдарын тыңдады.

Жиынға келген ауыл тұрғындары көше жарықшамы мен жаяу жүргіншілер жолы, ауыз су, балалар ойын алаңшасы, бағдаршам мен жол белгілері,
жер кезегі және денсаулық сақтау саласы, қоғамдық көлік қатынасы, тағы да басқа мәселелер бойынша сауалдар қойды.

Ұлана Сламбекқызы жиынға келген ауыл тұрғындарының әрбір сауалы назардан тыс қалмайтынын айтты. Азаматтардың сұрағын жауапты мамандарға тапсырып, заң аясында шешімін табатындығын жеткізді.