Қала әкімі қос ғасырдың куәгерін құттықтады

Қала әкімі қос ғасырдың куәгерін құттықтады

Халықаралық қарттар күніне орай Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков білім саласының ардагері, ғасыр жасаған кейуана Забила Алпысованың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.

– Сіздің ғибратты ғұмырыңыз бен оқу-ағарту ісіне қосқан сүбелі үлесіңіз өскелең ұрпаққа сарқылмас азық. Егемен еліміздің қазіргі дамуына өзіңіз секілді қазына қариялардың сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Әрдайым қарттарымызға қарап бой түзеп, таусылмас тағылым аламыз. Сіз секілді ардагерлеріміздің бай тәжірибесі бүгінгі жастарға ауадай қажет, – деген шаһар басшысы қарияға арнайы сый-сияпаттарды табыстады.

Кейуана да өз кезегінде қала басшылығына ризашылығын жеткізіп, ақ батасын берді.

Қос ғасырдың куәгері Забила Алпысова 1923 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Қатон-Қарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген тыл еңбеккері, ұлағатты ұстаз. Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтын үздік аяқтаған соң туған ауылы Шыңғыстайдағы орта мектепте 40 жылдан астам уақыт балаларға сапалы тәлім, саналы тәрбие берген.