Жылу магистралін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүруде

Жылу магистралін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүруде

«Тараз қаласы Сыпатай батыр, Төле би, Тұрысов көшелерінің бойындағы М-1 жылу магистралін қайта жаңғырту» жұмыс жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған болатын. Жылу желісінің жалпы ұзындығы 6138 метрді құрайды.

«М-1» жылу магистралі 1990 жылдан бастап 34 жыл бойы үздіксіз қызмет көрсетіп келеді. Жылу желісінен 2022 жылы 6 ақау белгілі болса, былтыр желіден тағы 3 ақау табылған. Осыған орай, Жамбыл облысы әкімдігі мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан конкурс жарияланып, жеңімпаз деп танылған бас мердігер – «Сарыағаш-Аман» ЖШС, техникалық қадағалаушысы – «АДС Сапа» ЖШС және авторлық қадағалаушы «Институт «КазНИПИЭнергопром» АҚ-мен келісімшарттар жасалды. Құрылыс жұмыстары биылға жоспарланған, ұзақтығы – 9,5 ай.

Аталған жұмыс жобасына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстары ағымдағы жылдың 19 сәуірінен басталды.
Айта кетейік, құрылыс-монтаждау жұмыстары полиция органдарымен жол жабу келісілгеннен кейін ғана жүргізілді.

Қазіргі таңда, 1647 м лоток және 1500 метр құбыр жүйесі орнатылып, 15 жылу құдығы және 18 жылжымайтын тірек салынды.