«Ұлы дала» 15-ші шағынауданында инфрақұрылым жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде

«Ұлы дала» 15-ші шағынауданында инфрақұрылым жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде

Қала басшысы «Ұлы дала» 15-ші шағынауданда жүргізіліп жатқан жол құрылысы мен жаяу жүргіншілер жолдарын салу, сондай-ақ көше жарығын орнату жұмыстарының жай-күйімен танысты. Жауаптыларға жұмыстың сапасын бақылауды күшейтіп, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар, аталған аумақтан Асқаров көшесіне өтетін «Қапал» каналы үстіндегі автокөлік көпірінің құрылыс барысы да назардан тыс қалмады. Қала басшысы нысанның сапасын бағамдап, бірқатар нақты тапсырмалар берді.