Меню

Страницы

Статья

Бұрын жер пайдалануға берiлген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу кезінде, жер учаскесіне актіні дайындау

Бұрын жер пайдалануға берiлген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу кезінде, жер учаскесіне актіні дайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының халыққа қызмет көрсету бөліміне келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. Өтініш.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі).
  3. Жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімінен үзінді көшірме.
  4. Жеке тұрғын үй құрылысына бөлуге арналған алаңда жер учаскелерін орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда, көрсетілген жұмыстарды орындаған ұйым беретін, нақты жер учаскесіне арналған жерге орналастыру жобасының бір бөлігі және оның жергілікті жердегі шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар беріледі.
  5. Жер учаскесін сатып алу-сату шартының көшірмесі (жер учаскесін сатқан кезде).
  6. Уәкілетті органның жер учаскесiнiң сатып алу бағасын төлеу туралы, сондай-ақ жер учаскелерiн төлеу мерзiмiн ұзартып сату кезінде мәмiле жасасуға тыйым салынатыны туралы (жер учаскесін сату кезінде) анықтамасы.
  7. Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек).

 

«Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ –ның Жамбыл облысы бойынша филиалының Жамбыл аудандық тіркеу және  жер кадастры бөлімінің бас маманы

Т. Айтимбетов

Т.С. Айтимбетов

Дата публикации
28 июня 2022
Дата обновления
28 июня 2022
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Интернет БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы