Меню

Страницы

Статья

Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын алуға электрондық өтінішті беру

Қызметтің атауы - жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрға енгізу, жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды беру

Қызметті онлайн алу үшін:

  1. «Электрондық үкімет» порталында авторизацияданөтіп «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ(электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Өтінімге құқық белгілейтін құжаттың сканерленген көшірмесін тіркеу.
  4. «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.

Қызмет көрсету мерзімі:

Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

1) Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңа құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу - 1 жұмыс күні.

Жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын қоса бере отырып, жүргізілген техникалық тексеру қорытындысы бойынша жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды беру:

1) пәтерлер, жатақханалардағы бөлмелер 3 жұмыс күнi берiледi;

2) жеке тұрғын үйлер, жеке гараждар, саяжай құрылыстары 5 жұмыс күнi берiледi;

3) жалпы ауданы 1000 шаршы метрге дейінгі қалған жылжымайтын мүлік объектілері 7 жұмыс күнінде беріледі;

4) жалпы алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектілер көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күннен бастап 10 жұмыс күні берiледi;

5) бірінші күрделілік санатына жататын осы тармақшаның екі және үш абзацтарында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілерін қоспағанда, жылжымайтын мүлік объектілері 5 жұмыс күні беріледі.

Мерзімді одан әрі ұзарту көрсетілетін қызметті алушымен келісім бойынша объектінің күрделілік санатына байланысты жүргізіледі, бұл ретте жалпы мерзім көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күннен бастап екі айдан аспауға тиіс.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлем "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына сәйкес айқындалады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның Жамбыл облысы бойыншга филиалы Жамбыл аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің бас маман - тіркеушісі Ж. Алмабаев

 

 

Дата публикации
28 июня 2022
Дата обновления
28 июня 2022
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Интернет БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы